Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Әйтеновтің орынбасары қазақша киім киюге өз-өзінен әбден ұялыпты

"Алаш" деп аталатын базардан "кеңсе" деп аталатын үстімдегі шолақ шапанды 12 мың теңгеге сатып алдым да, бүгін таңертең "киейін бе, кимейін бе" деп ойланып қалдым..." - дейді ол.

Киейін бе, кимейін бе... Киейін бе, кимейін бе... Шолақ шапанды киейін, бірақ тақияны кимей-ақ қояйын... Сосын осы...

Опубликовано Shyńǵys Muqan Воскресенье, 14 марта 2021 г.
Әйтеновтің орынбасары қазақша киім киюге өз-өзінен әбден ұялыпты
фото: facebook.com

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан Facebook-тегі парақшасына Көрісу күнінде жұмысына қазақы шапан мен тақия киіп барғанын жазды. Алайда базардан сатып алған сол киімін өз-өзінен қысылып-қымтырылып, дәлірек айтқанда, ұлттық киіммен жүруден кәдімгідей ұялып, үстіне әрең қондырыпты, деп жазды paryz.kz.

"Киейін бе, кимейін бе... Киейін бе, кимейін бе... Шолақ шапанды киейін, бірақ тақияны кимей-ақ қояйын... Сосын осы ойымнан өзім ұялдым. Не болып кеткенбіз? Өз киімімізден өзіміз жеріп. Осыдан 100 жыл бүкіл қазақ ұлттық киіммен жүрген жоқ па еді?! 100 жылды айтамыз, өмірден кеше өткен атамыз басынан тақиясын тастаған емес. Кеше 14 наурызда Көрісу күніне орай алдағы апта жұмысқа қазақша киім киіп барам деп шешіп, Шымкенттегі "Алаш" деп аталатын базардан "кеңсе" деп аталатын үстімдегі шолақ шапанды 12 мың теңгеге сатып алдым да, бүгін таңертең "киейін бе, кимейін бе" деп ойланып қалдым", - дейді шымкенттік шенеунік.

Сонымен не керек, Шыңғыс Мұқан "жүз ойланып, мың толғанып" отырып, ақыры тәуекелге бел буған көрінеді. Онысын өзі "Өмірімде (бәлкім) бірінші рет жұмысқа қазақша киім киіп келдім" деп түсіндірген.

"Бірге оқыған араб топтастарыма қызыға қараушы едім. Екі метр ақ матаға оранып жүре беретін. Оның қасында қазақтың төл киімі әлдеқайда әдемі көрінеді өзіме. "Әркімдікі өзіне, әдемі көрінер көзіне" демекші", - дегеніне қарағанда, ол осы постының өзін әлі де қысылыңқырап жазып отырғанға ұқсайды.

Бұл ретте бір ескерерлігі, ұлттық киімін "киейін бе, кимейін бе..." деп көп ойланған Әйтеновтің орынбасары, өзі айтпақшы, шолақ шапанын иығына іле салса да, тақиясын қоса кимей-ақ қоюы керек пе еді... Мың жерден оның базардағы атауы "Кеңсе" болғанмен, әр орта мен нысанға лайық имидж, сөйлеу мәнері, киім кию үлгісі бар ғой. Керек десе, "ұлттық" дегеннің жөні осы екен деп, текеметтің қошқармүйіз оюын шапан, етік, сөмкелерге оңды-солды жапсыра беруге болмайды. Мамандар кеңесіне сүйенсек, киімде ою емес, ұлттық өрнек болғаны жөн екен. Ал ою білместікпен жапсырылған болса, оны көзі ашық, көкірегі ояу деген азаматтардың сатып алып, кез келген жерге талғамсыз киіп, ұстап бара салуының өзі ерсі. Оның үстіне, қолына кітап ұстап, білім-білігі толысқан тұлға ретінде көрінгісі келсе...

Кейін орынбасары Шыңғыс Мұқанның осы стиліне "әп бәрекелділеп" отырған кейбіреулердің қолпаштауына елтіп, әкім Әйтеновтің те иығына шапан жауып алып, етегіне сүрініп жүрмесіне кім кепіл? Жөн-жосықты білуі тиіс елдің бәріне Амантай қажы болу шарт емес шығар...