Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

«Нанның бағасы 50 теңге болуы керек» - Алмасбек Садырбай

«Шаңырақ» ұлттық агро-қозғалысы» РҚБ төрағасы Алмасбек Садырбай Adal ADAM Youtube арнасына берген сұхбатында Қазақстанда ұн мен нан неге қымбаттағанын түсіндірді.

«Ауыл шаруашылығына Асылжан Мамытбеков министр болғаннан кейін Қазақстанда ұн өндірісі құлдырай бастады. Неге? Себебі Ақылбек Күрішбаев, Ахметжан Есімовтен кейін келген министрлер диірмендердің санын азайтты. Елімізде 1800 диірмен болды, бүгінгі күні Қазақстанда қалғаны, нақты жұмыс істеп тұрғаны – 40 диірмен. 40 диірменнің қожайындары бір-бірімен ауыз жаласып ымыраға келіп отыр. Ұнның бағасын түсірмейміз деп. Менде қарапайым сұрақ, айтыңыздаршы, бидайдың бағасы бүгінде 50 теңге болғанда, ұнның бағасы қанша болуы керек? Ұнның бағасы 100 теңге болуы керек. Ал нанның салмағы 600 грамм болса, нанның бағасы шамамен 65 теңге болуы керек ары кеткенде. Оған қоса, нан пісіргені үшін наубайханаларға үкімет субсидиялап жатыр. Осыны ескерсек, бүгінгі күні нанның бағасы 50 теңге болуы керек. Қарапайым арифметика. Ал қазір 100 теңгеден кем нан таппайсыз. Неге ұн арзан емес? Өйткені 40 қана диірмен қалды, солар келісім қымбат күйінде ұстап отыр. Демек 40 диірмен кішкентай диірмен емес, олар алпауыт диірмендер, олар агро олигархтардың диірмендері. Бұлар кішкентай диірмендерді тұншықтырып, жауып  тастаған. Осы олигархтардың барлығы бүгінгі ауыл шаруашылығы министрінің төңірегіне жиналған», - дейді Алмасбек Садырбай.