Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Перуашовтың үстінен қылмыстық іс қозғау керек»: Айгүл Орынбек «Ақжол» партиясының мүшелеріне үндеу жасады

«Ақжол» партиясының төрағасы Азат Перуашовтың үстінен ҚР ҚК 211 бабымен  қылмыстық іс қозғау керек. Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Перуашовтың үстінен қылмыстық іс қозғау керек»: Айгүл Орынбек «Ақжол» партиясының мүшелеріне үндеу жасады
фото: әлеуметтік желіден

Оның айтуынша, Азат Перуашов құзырлы органдар тергеп-тексеру жүргізбей жатып, өз қызмет бабын пайдаланып, тіпті парламенттің ішінде қызметтік тексеру жүргізбей, екеуара хат алмасуды әлеуметтік желіге салып, жариялаған.

Азат Перушов қоғамның назарын басқа ақпаратпен бұрмақшы болды деген ойдамын, себебі белгілі, күні кеше Перуашовтың орынбасары Дмитрий Василиев үлкен шенеунікке пара берген деген күдікке ілінген. Біз Перуашовқа сенің орынбасарың үлкен шенеунікке неге пара беріп жүр, деп сұрақ қоюуымыз керек. 

Яғни Ақжол партиясының экс мүшесі Садықов «мені өздеріңнің лас істеріңе арластырмаңдар» деген сөздерінің астарында үлкен құпия бар! Жемқорлық парламент төрінде белең алып жатқанда, еліміздің болашағына алаңдау керекпіз. Ақжол партиясының мүшелері төрағаларыңды ауыстыратын уақыт келді!», деп жазды ол.

Айта кетейік, биыл 29 тамызда Орталық сайлау комиссиясы 55 жастағы Мәжіліс депутаты Асқар Садықовты өкілетінен айырған еді. Ол 2023 жылғы наурыздан бастап депутат болған.