Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ұмытылды, бірақ қайталанады - Ринат Заитов Абай облысында болған орман өрті туралы

Қазақстанның белгілі мемлекет және өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Ринат Заитов «Мүмкін емес/Не может быть!» YouTube арнасында былтыр Абай облысында болған орман өрті туралы, «Аманат» партиясының «Нұр Отаннан» ерекшелігі туралы айтып берді. 

Ұмытылды, бірақ қайталанады - Ринат Заитов Абай облысында болған орман өрті туралы
Фото: ru.qaz365.kz

Естеріңізге сала кетейік, «Семей орманы» резерватының екі басқарушы қызметкері күдікті деп танылған. Өрт кезінде 14 адам қайтыс болған еді.

«Бұл жауапқа тартылған болып есептелмейді және ол процесс тоқтамайды. Орманды өртеп жіберіп, содан кейін 10 гектар жер өртенсе, 100 га өртенді деп есеп беру, ол тоқтамайтын процесс. Өйткені, бұл жерде ақшаға құнығып, соның тізгінін ұстап отырған адамдар бар, кәдімгідей тұлғалар бар. Орманда, бір ай жауын жаумаған жерде, найзағай түсіп өртенді. Өйткені, жауын жаумаса да сухой найзағай болады деген әңгіме қалай кетті? Соған сеніп, «иә» деп кетті бәрі, «дұрыс» деді. Бізге де айтады, «Ой жоқ, сендер білмейсіңдер. Ол сондай найзағай болады екен» дейді. Ешкім кінәлі емес қой бізде. Қолдарында бір де бір құжаттары жоқ, дәлелі жоқ. Сондықтан, ол жерде бәленбай өзгеріс енгізе алдық демеймін, өте өкінішті нәрсе. Ұмытылды, бірақ ертең тағы қайталанады. Тағы бірдеңе табады. Келесі жолы найзағай түспейтін шығар, келесі жолы бәлкім бір бала темекі тартып, соның сіреңкесін өшірмей кетті дейме екен», - деді Ринат Заитов.

«Аманат» партиясы стадионға жиналып «Жасасын Тоқаев» деп айқайлай ма? Кезінде, «Нұр Отанның» ұраны не еді? «Нұр отан, Нұрсұлтан, Қазақстан» деп, көмейі жыртылғанша айқайлайтын. Қазір «Аманат» партиясының жастар рухының өзінде жиналған адамдармен сөйлесіп көрсеңіз, оның сыртында ағартушылық жолында «Аманат» өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Ол «Кітап аманат» жобасымен қаншама кітаптар шығып жатыр, қаншама кітапханаларда қор толықтырылып жатыр. Енді ұлттық болмысымызға, руханиятқа келейік. Бұрын ананың концерті деп, өтірік біреулерді жинап алып, ана жерде бір, мына жерде бір жылтыңдай беретін «Нұр Отан» емес қазір. «Ұлы дала дүбірі» деп қазақты атқа қондырып, бүкіл әлемнің назары аударылатындай жобалар жасап жатыр. Өткенде, бір журналист айтады «Аманатқа» шаң жолатпайтындай болыпсыз ғой деп, менің көзіммен көргенім осы», - деп ойын қорытты депутат.