Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Ринат Заитов мектептерде жаңа пән енгізуді ұсынды

Қазақстанның белгілі мемлекет және өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Ринат Заитов «Мүмкін емес/Не может быть!» YouTube арнасына сұхбат берді. 

Ринат Заитов мектептерде жаңа пән енгізуді ұсынды
Фото: stan.kz

Өнер қайраткері бұрын ұсынып жүрген «Айтыстану» пәніне қатысты да ойын білдірді.
«Қазіргі таңда «Аайтыстану» пәні деген жалпы одақтың ұсынысы болатын, авторлары Серікзат Дүйсенғазин, Дәулеткерей Кәпұлы. Негізгі осындай пән енгізу керек деген солар болатын. Мен бәлкім сол ойды жеткізгенім бар шығар. Өткенде ғана Ғани Бейсембаевты көріп қалған кезде «сол пән бойынша жетілдіріп жатырмыз, жұмыстар жасап жатырмыз» деген. Мен, шыны керек, онымен жіті айналысып жүрген жоқпын. Өйткені, менің түсінігімде, қазіргі қоғамның осындай тоқырауға ұшыраған уақытында «Айтыстану» емес, керісінше «Жаңа қазақ әдебиеті» деген пән керек. Біздің балаларды жастайынан патриоттыққа, ұлтжандылыққа, сондай қазақилыққа тәрбиелейтін. Іріктеліп, әдеби шығармалар сол жерде оқытылу керек деп ойлаймын 7 мен 9 сынып арасында. Өте қатты қажет бұл бізге. Мен мектептердегі былықты айтатын болсам, ол ұзақ әңгіме», - деп ойын қорытты Ринат Заитов.