Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Халық мәжбүрлеумен тәртіпке түспейді»: Дәулеткерей Кәпұлы салынып жатқан айыппұлдарға қатысты ойын айтты

Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, айтыскер, ақын Дәулеткерей Кәпұлы «Adal Adam» YouTube-арнасына берген сұхбатында халықты күшпен тәрбиелеу дұрыс емес екенін айтты

«Халық мәжбүрлеумен тәртіпке түспейді»: Дәулеткерей Кәпұлы салынып жатқан айыппұлдарға қатысты ойын айтты
Фото: Screenshot из видео

«Бүгінгі таңда жол ережесін бұзған адамға, тәртіпсіздік жасаған адамға айыппұлдың көбейгені рас. Өзіміз де кейде байқамай төлеп қаламыз. Жылдамдықты сәл асырып алсаң, оның барлығы қатайды. Болмаса, қалада көлік қоятын орын мәселесі. Бұның барлығы бірден тәртіпке шақырып жатқан жоқ. Халықты ашындырып жатыр. Мәжбүрлеп бізді тәрбиелейміз дегенмен, халықтың да жағдайымен санасуымыз керек. Еуропамен, Батыспен, солардың айппұлдарымен салыстырып, біздің халыққа әкелгенде оны жағдайы көтере ме, жоқ па? Өйткені, болмашы дүниелерге онсыз да белшесінен қарызға батып отырған халықтың қалтасына кәдімгідей ауыр салмақ. Қазақ халқы кредитте отырған халық. Оның үстіне, біздің банктер шетелдің банктеріндей емес, беріп отырған кредиті адам өмірде жаба алмайтын пайыздармен беріледі. Сондықтан, мәжбүрлеп тәрбиелеу деген нәрсе аса менің миыма қона қоймайды. Өйткені, халықпен санаспай істелінген дүние, бәрібір ертең халықты ашындырады. Билік халықты өзіне қарсы қоюы мүмкін. Сондықтан, абайлауымыз керек. Өйткені, халықтың санасына, миына жетпеген дүние мәжбүрлеумен халықты тәртіпке түсіре қояды деген нәрсеге сенбеймін», - деді Дәулеткерей Кәпұлы.