Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

«Уағыздарың әйелдің етегінен аспай қойды ғой!»: Ырысбала блогерден қатын шықпайды деген имамды орнына қойды

Блогер Ырысбала Икрамбай имам Жарқын Мырзатайдың «блогер қыздар қатын болмайды, олар интернетте еркектердің ойын бұзады», деген сөзіне жауап берді, деп жазады Paryz.kz. 

«Уағыздарың әйелдің етегінен аспай қойды ғой!»: Ырысбала блогерден қатын шықпайды деген имамды орнына қойды
фото: әлеуметтік желіден

Отбасылық өмірі мен блогерлікті қатар алып жүрген Ырысбаланың бұл сөз шамына тисе керек. 

«Есектің де еркегі бар, айналайындар, уағыздарың қатынның етегінен аспай қойды ғой. Екі көздеріңе, екі бұттарыңның арасындағыға саналы түрде ие болыңдар. Көпке топырақ шашу деген бар. Отырып алып болмайтын әңгімені айтуды түсінбеймін. Уағыз айтқанда да, Абай атамыз айтқандай «тілге жеңіл, жүрекке жылы» тиюі керек. Мен он мың емес, екі жүз мың жазылушысы бар блогер болып тұрмысқа шықтым. Үш балам бар. Бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырмын. Блогерлікті де жасап, ешкімнің ала жібін аттамай, күнімізді көріп, жақсы әйел болып та жүрміз. Он бәленің тоғызы тілден демекші, көпке топырақ шашу дұрыс емес. Біз қазақ үш жүзге бөліндік, қырық рулы қазақпыз деп қырық руға бөліндік. Орамал тағатындар мен намазхандар деп бөліндік.

Енді имамдар мен блогерлер деп бөлінетін болдық па? Ол сөздеріңді қалай айтып отырсыңдар? Адамның тағдыры маңдайына туыла сала жазылып қойса да, блогер қыздардың қандай әйел болатынын қайдан білесіздер? Ол қатын болмайды деп қандай сенімділікпен айтып отырсыздар? Қыздардың барлығын тыйып болған шығарсыңдар? Еркекпен бірге өмір сүріп жатырмыз деп, қыздарымызды үйге тығып болдық. Қырық үйден тыю, анадан тыю, мынадан тыю деп болдық. Орамалды да тақтық. Орап біттіңдер қыздарды. Ол заман өтті. Енді қыздарға дұрыс білім беретін заман келді. Дұрыс таңдау жасауды, өзін қорғануды үйрететін уақыт келді. Блогерлердің барлығына топырақ шашуды қойыңдар», - деп жалғады сөзін блогер.

Еске сала кетейік, Имам Жарқын Мырзатай сұхбатында сұлулығын интернетте паш еткен қыздар әйелдікке жарамайтынын айтып, хиджаб кигендерге де килікті.