Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Депутат Қазақстанда жемқорлық қашан тоқтайтынын айтты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Олжас Құспеков еліміздегі жемқорлық деңгейіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Депутат Қазақстанда жемқорлық қашан тоқтайтынын айтты
Фото: naceks.kz

«Ресми деректерге қарасақ, біз жемқорлық бойынша дүниежүзінде лидерлер қатарында жүрміз. Жемқорлықты жеңу үшін мәдениетімізді өзгертуіміз керек. Елге шын жанашыр азаматтар жұмыс істеу керек. Үкіметке, мемлекеттік қызметке келген кезде бизнестен тойынып келу керек, жағдайды түсініп келу керек. Қызметке өз жағдайымды көтеремін деген мақсатпен келмеу керек. Бұл мәдениет. Мемлекеттік қызметкер емес, мемлекетшіл азаматтар келу керек тек қана сол кезде бұл мәселе өзгереді. Өйткені, Қытайды да қарасақ, өлім жазасы бар, ату жазасы бар, коррупция тоқтамайды. Коррупция болады, болған, осы заманға дейін болған, болашақта да бар. Бірақ, Сингапур сияқты елде өмір сүргіміз келсе, бізге мемлекетшіл, ұлтқа жанашыр азаматтар жұмысқа келу керек», - деді депутат.