Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Еден жуушы, аула сыпырушыларына қосымша 221 млрд теңге бөлу қажет - депутат

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сулейменованың айтуынша, елде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жалақылары мен премиялары ашық көрсетілетін платформа қажет, деп хабарлайды  Paryz.kz. 

Еден жуушы, аула сыпырушыларына қосымша 221 млрд теңге бөлу қажет - депутат
Фото: happy-laser.ru

«Білім, денсаулық сақтау салаларындағы техникалық қызметкерлердің, кіші қызметкерлердің, ең төменгі жалақысына қатысты депутаттық сауал жолдағам. Екі рет Үкіметте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен кездесу өткіздім. Маусым айында орташа жалақыға қатысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  үкімет сағаты болады. Жалпы, еңбек нарығына қатысты, жалақыға қатысты сол жерде хабарлап айту керек деп ойлаймын. Жеке өзімнің позициям, біз квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жалақысын, бұл жердегі премия мәселесін ашық көріп отырған жоқпыз. Жалпы, бір үлкен платформа жасалу керек. Сол платформада еңбек жалақысына қатысты нақты көрсетілу керек. Қазір, сол квазимемлекеттік сектор субьектілерінің айлық жалақысы өте жоғары болуына байланысты, кейбір әлеуметтік желілірде ғана көріп тұрамыз, ара кідік, ашық болмағаннан кейін, халық наразы болады. Сондықтан да, жалақыға қатысты методиканы қайта қарау керек. Методиканы халықпен бірлесе отырып, талқылау керек.

Еден жуушы, сантехник, плотник, аула сыпырушы - солардың жалақысына қатысты сұрақтарды көтердік. Маған 85 мыңнан төмен жоқ деп айтып жатыр. Одан төменгісі ол сағаты, аз уақыты аз. Маған халық хабарласып жатыр, әлеуметтік желілерімде күніге мыңға жуық тек ғана осы кіші қызметкерлердің айлық жалақысына қатысты сұрақтарды аламын. Кеңінен қарастыру керек деп ойлаймын. Сосын, екінші нәрсе, кіші қызметкерлер еңбек демалысына кеткен кезде, сауықтыруға байланысты төлем ақы алмайды. Қазіргі менің келесі жұмысым осы сауықтыруды олардың еңбек демалысына барған кездегі қаражатына қосу. Біз бұны Үкіметпен есептедік 221 млрд теңге қаражат қажет екен. Яғни, бұл жерде нақты түсіндіру керек. Азамат еңбек демалысына барады, өзінің еңбек демалысына қажетті қаражатын алады. Көптеген азаматтар, мысалы, сауықтыру төлемін алады. Осы кіші қызметкерлерге сауықтыру төлемі қарастырылмаған. Ал шын мәнінде, сауықтыру төлемі денсаулығына, жұмысының ауырлығына байланысты қажет деп білемін. Үшінші нәрсе, ол қосымша төлемдер. Бізде, көптеген мамандықтарға, қосымша төлемақы қарастырылады. Ол жұмысстың ауырлығына байланысты, жүктеменің көбеюіне байланысты. Бірақ, осы кіші қызметкерлерге, еңбек адамдарына ондай қосымша ақы қарастырылмаған. Сондықтан, оны еңбек министрлігімен, қаржы министрлігімен бірлесіп шешуіміз қажет. Келесі жылы бюджет кірген кезде, осы 221 млрдті қарастыратын боламыз деп ойлаймын», - деді депутат.