Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Ескі Қазақстан мен Жаңа Қазақстан арасына от жағып отырған үшінші тарап бар ма?

Белгілі журналист, қоғам қайраткері, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи «Мүмкін емес/Не может быть!» Youtube арнасының студиясында қонақта болып, журналисттің Ескі Қазақстан мен Жаңа Қазақстан арасына от жағып отырған үшінші тарап болуы мүмкін бе деген сұрағына жауап берді.

Ескі Қазақстан мен Жаңа Қазақстан арасына от жағып отырған үшінші тарап бар ма?
Фото: Screenshot из видео

«Бұл жерде, осы табиғи апат салдарын пайдаланып, әлде бір саяси ұпай жинап қалмақ  әлі күнге дейін көзге көрінбейтін бірнеше күш бар, саяси әлеуметтік топтар деймін. Біріншіден, осы апаттың жағдайын, ең бірінші кезекте пайдаланып отырған қазіргі мемлекеттегі билікке үре тұрып қарсы болатын, әлде бір қоғамдық саяси күштер. Оны түсінуге де болады. Себебі, елде оппозициялық күш болғаннан кейін, оппозициялық құрылымдар бытыраңқы ғой бәрі: бізде бір ұйымдасқан бірегей бір қимылдар атқаратын опозициялық күш жоқ. Бізде әр жерде шашыраңқы қарсы протесттік күштер бар, олар осындай сәтті пайдалануға тырысады. Елде қалыптасқан жаңағы жемқорлық жүйе, әділетсіздік, қымбатшылық, кедейшілік осылардың бәрі адамдардың ызаларын тудырған кезде әр бір осындай оқиғаларды сәтті пайдаланып, өздерінің риторикасын, айтар ойын жеткізіп қалу деген - оны түсініп қабылдау керек. 

Бастысы бұл жерде, екінші бір күштер бар - Ескі Қазақстан деп айтамыз ғой, осы Ескі Қазақстанды кейбіреуі күлкі қылады. Әлеуметтік желіде күлкі қылады. Тіпті толысқан, салауатты саясаткер азаматтардың ауызынан естігінде, мен таңқаламын. Ескі Қазақстан деген бұл құрылым емес қой, бұл санадағы дүние. Санада қалыптасқан - Ескі қазақстан мен Жаңа Қазақстан. Бізде Ескі Қазақстан дегенде, Назарбаевтың билігін, содан қалған күштерді айтамыз. Қазір Ескі Қазақстанның өзінің идеологиясы қалыптасып келе жатыр. Бұл Жаңа Қазақстанға қарсы, ескі күштерді қайтару жөнінде әрекеттер болып жатқанын, әсіресе, әлеуметтік желіден байқауға болады. Соңғы кезде пайда болған риторикалар лозунгтар шықты: «Біз асығыстық жасадық, шал, қайтыңыз» деген сияқты әңгімелер айтылып жатыр. Соңғы кезде байқағаным, әлеуметтік желіде «Тоқаев кезінде халық кедейленіп кетті» деген, оның астарында «Назарбаев кезінде жақсы еді ғой» деген ұғым туады санады. 
«Тоқаевтың кезінде кедейленіп кетті» дегенді бұрынғы 30-жылда қалыптасқан жүйенің салдары деп қабылдау керек. Тоқаевтың билікке нақты отырғанына 2 жыл ғой, алдындағы 3 жылда Назарбаев екеуі бір тақты бөлісіп отырды. Соңғы 2 жылда бәрін өзгертіп, халықты жұмаққа шығара қоятындай мүмкіндік болған жоқ», - дейді депутат.

«Тоқаевтың кезінде кедейленіп кетті» деген - бұрынғы 30-жылда қалыптасқан жүйенің салдары деп қабылдау керек. Тоқаевтың билікке нақты отырғанына нақты 2 жыл ғой, алдындағы 3 жылда Назарбаев екеуі бір тақты бөлісіп отырды. Соңғы 2 жылда бәрін өзгертіп, халықты жұмаққа шығара қоятындай мүмкіндік болған жоқ», - дейді депутат.

«Еркелік емес, ақымақтық»: журналист Мақпал Жүнісоваға шүйлікті «Еркелік емес, ақымақтық»: журналист Мақпал Жүнісоваға шүйлікті Совет эксперта: Казахстан должен переориентироваться на клиента для устойчивого роста Совет эксперта: Казахстан должен переориентироваться на клиента для устойчивого роста «Перуашовтың үстінен қылмыстық іс қозғау керек»: Айгүл Орынбек «Ақжол» партиясының мүшелеріне үндеу жасады «Перуашовтың үстінен қылмыстық іс қозғау керек»: Айгүл Орынбек «Ақжол» партиясының мүшелеріне үндеу жасады Как работает экстрадиция между соседями на практике и кого выдают друг другу Казахстан и Россия Как работает экстрадиция между соседями на практике и кого выдают друг другу Казахстан и Россия «Устал концы с концами сводить». Истории казахстанцев, уехавших на заработки в Россию «Устал концы с концами сводить». Истории казахстанцев, уехавших на заработки в Россию Вице-адмирал высказался о «политике» минобороны во время «Кантара» Вице-адмирал высказался о «политике» минобороны во время «Кантара» «Кінәсіз екенімді дәлелдеймін, не болмаса мен өлемін»: Вице-адмирал Жанұзақов сотталғанда қандай күйде болғанын айтты «Кінәсіз екенімді дәлелдеймін, не болмаса мен өлемін»: Вице-адмирал Жанұзақов сотталғанда қандай күйде болғанын айтты «Не все так гладко». Насколько умело Казахстан смог перестроить экономику с начала войны в Украине? «Не все так гладко». Насколько умело Казахстан смог перестроить экономику с начала войны в Украине? Как магазины низких цен вытесняют с рынка карагандинских производителей – и при чем здесь Россия? Как магазины низких цен вытесняют с рынка карагандинских производителей – и при чем здесь Россия?