Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Неге АӘК алатындар үйге кезекке тұра алмайды?

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков әкімдіктің кезегінде тұрғандар неге тұрғын үйге қолдарын жеткізе алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Неге АӘК алатындар үйге кезекке тұра алмайды?
Фото: Shutterstock

Депутаттың ойынша, жергілікті әкімдіктер сол бағытта тиісінше жұмыс істеп жатқан жоқ.

«Үлкен қалаларда - Астана, Алматы, Шымкент, құрылыс жүріп жатыр, әр инвест контрактіден кезекте тұрған адамдарға таратылатын қажетті деңгейде үйлер беріліп жатыр. Бірақ, оларды қалай үйлестіретіні бүгінгі күнде әлі түсініксіз, заңда реттелмеген. Екінші мәселе, басқа қалалар - оларда қарқын құрылыс жоқ, сол құрылысқа нақты дем бермей жатқан сияқты. Сондықтан, кезекте тұрған көп адам бар», - деді Олжас Құспеков.

Paryz.kz ақпараттық агенттігінің журналисті әлеуметтік атаулы көмек алатындар жайлы сұрады, неге оларда кезекке тұру мүмкіндігі жоқ. Кезекке тұратын санаттар қатарында әлеуметтік осал топтар бар, бірақ тіркелген кезде қосымша себебін тіркеу қажет, баласы ауратын болса немесе тағы да басқа себептерге қатысты. Ал, жалпылама шарттар бойынша әлеуметтік атаулы көмекке тағайындалсаң, кезекке тұру үшін негіз жеткіліксіз.

«Егер, отбасында мүгедек бала, мүгедек отбасы мүшесі жоқ болса, ол кісілер білімін арттырып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жоғары жалақы төленетін жұмысқа орналасу керек. Ауылдан қалаға көшу керек. Мемлекет тек мұқтаж азаматтарға көмектесуге арналған жұмыстарды атқарады.

Заң бойынша бұл санатқа ілікпейді, АӘК бұл уақытша шара, өздерін қажетті заттармен қаматамасыз ете алу үшін уақытша төленетін ақша. Бұл, яғни уақытша жұмысқа жарамсыз адамдарға, уақытша жұмыссыз адамдарға тағайындалатын көмек.

Меніңше, ұлттық экономика министрлігі санап қарайтын болса, үйді барлығына да жеткізуге болады», - деді депутат.

21 265 теңге – Қазақстанда бала күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері. Мүмкін бұл қаражатты көбейту керек шығар, аталған соммаға баланы бір ай күту мүмкін емес деп сұрақ Paryz.kz журналисті сұрақ қойды

«Жәрдемақының өсуі бюджеттің мүмкіндігіне байланысты бөлінеді. Бюджетте мүмкіндік жоқ. Біз қазір әлеуметтік осал топтардың төлемін, бала күтіміне байланысты бөлінетін төлемдерді үлкейту үшін біздің бюджет екі есе өсу керек. Біздің қазіргі мемлекеттік бюджет жылына 23-26 трлн теңге құрайды. Егер 50 трлн болса, біз сонда ғана барлығына жәрдемақыларды көбейтіп, бере алатын боламыз. Қазір бұл мүмкін емес, сондықтан қазір бюджетті қалай үлкейтетінімізді ойлауымыз керек. Осыған байланысты Президенттің тапсырмасы да бар», - деді Олжас Құспеков.  

«Еркелік емес, ақымақтық»: журналист Мақпал Жүнісоваға шүйлікті «Еркелік емес, ақымақтық»: журналист Мақпал Жүнісоваға шүйлікті Совет эксперта: Казахстан должен переориентироваться на клиента для устойчивого роста Совет эксперта: Казахстан должен переориентироваться на клиента для устойчивого роста «Перуашовтың үстінен қылмыстық іс қозғау керек»: Айгүл Орынбек «Ақжол» партиясының мүшелеріне үндеу жасады «Перуашовтың үстінен қылмыстық іс қозғау керек»: Айгүл Орынбек «Ақжол» партиясының мүшелеріне үндеу жасады Как работает экстрадиция между соседями на практике и кого выдают друг другу Казахстан и Россия Как работает экстрадиция между соседями на практике и кого выдают друг другу Казахстан и Россия «Устал концы с концами сводить». Истории казахстанцев, уехавших на заработки в Россию «Устал концы с концами сводить». Истории казахстанцев, уехавших на заработки в Россию Вице-адмирал высказался о «политике» минобороны во время «Кантара» Вице-адмирал высказался о «политике» минобороны во время «Кантара» «Кінәсіз екенімді дәлелдеймін, не болмаса мен өлемін»: Вице-адмирал Жанұзақов сотталғанда қандай күйде болғанын айтты «Кінәсіз екенімді дәлелдеймін, не болмаса мен өлемін»: Вице-адмирал Жанұзақов сотталғанда қандай күйде болғанын айтты «Не все так гладко». Насколько умело Казахстан смог перестроить экономику с начала войны в Украине? «Не все так гладко». Насколько умело Казахстан смог перестроить экономику с начала войны в Украине? Как магазины низких цен вытесняют с рынка карагандинских производителей – и при чем здесь Россия? Как магазины низких цен вытесняют с рынка карагандинских производителей – и при чем здесь Россия?