Алматыда тағы да жер сілкінді, деп хабарлады Paryz.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі «СЗжБҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 12 сәуірде Алматы уақытымен сағат 13:13-те жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 273-шақырым жерде орналасқан.
Алматы қаласында (MSK-64 шкаласы бойынша) 2 балл сезілді.