Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Асыл арна» емес «Өндіріс» арнасын ашқанда жұмақтағыдай өмір сүретін едік» - Айгүл Орынбек

Заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында халықты даму жолына түсуге шақырды, деп жазды Paryz.kz. 

«Асыл арна» емес «Өндіріс» арнасын ашқанда жұмақтағыдай өмір сүретін едік» - Айгүл Орынбек
фото: әлеуметтік желіден

“Асыл арна” емес “Өндіріс” арнасын ашқанда - Қазақстан халқы жерде жұмақтағыдай өмір сүрер еді.

Әттеген-ай... Қазір айтып- айтып тастамасам, ішім қайнап тұр. Әйелдердің шүберегімен арпалыстырып қойған албастылардың лидерлерін Оңтүстік Корея еліне әкеліп, темір балқытатын зауыттың пешіне жағып жібергім келіп отыр. 

Отыз жыл бойы халықтың миын улап, жастардың қолына қару ұстатып Сириядан бір-ақ шығарды.

Ең өкініштісі, өзімізде өндіріс орындарын ашып, сол жастардың күшін өзіміз де пайдалана алмадық. 

Елді алға сүйрейтін еркектердің сағын сындырып, миын улап, қазан басындағы әйелдермен алыстырып және салғыластырып қойды. “Шүберек” пен “талақтан” асқан тақырып болмады оларда. 

“Қатындарыңа ие болыңдар” деген ұранмен “қара шүберекке” орап, халықты надандыққа сүйреді.

Енді міне, соның зардабын көріп отырмыз…

Біздің ер-азаматтар бір өндіріс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамтып, алға жылжып, ел басқарудың орнына, үш-төрт әйел алып, соларды басқарғандарына мақтанып мәз!

Осы біздің жеткен жетістігіміз!

Қолыңа ұстаған затыңнан “Made in Korea” деген жазуды көргенде, жүрегің қан жылайды.

Е айналайын жоғары билік, мына елді ұрпақсыз қалдырып, бүтін ұлтты жойғысы келген адамдарды тайраңдатып, тілімен сайратып, халықтың миын улау үшін “коуч” қылып қоймай, шұғыл түрде қамаңдар! Ұлтқа жасаған қастандықтары жетеді!

Оңтүстік Корея елі бізден 100 жылға алға дамып кеткен, енді біз ай қарап, жұлдыз санамай, озық мемлекеттерді қуып жетуіміз керек. Өсу керек! Өркендеу керек!

Жетер талтаңдап жүргеніміз, болашақ ұрпаққа қалдыратын дүние жасайық!
“Ақша аспаннан түседі” деген аффирмация айтатын алаяқтарды жарнамалап экран бетіне шығара бермей, өндіріс орындарында жұмыс істейтін инженер технологтарды азаннан кешке дейін қойып қойыңдар!

Халқым, естеріңді жиыңдар, оянатын уақыт жетті!

Болашақ ұрпақ үшін жұмыс істейтін, даму жолына түсетін уақыт келді!", - деп жазды заңгер желіңдегі парақшасында.