Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Күйеуім осындай болсын деген білімді жігіт»: Жанар Айжанова Қуандық Бишімбаев туралы айтты

Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында әнші Жанар Айжанова Баян Алагөзова мен Салтанат Нүкенованың оқиғалары туралы пікірін айтты, деп жазды Paryz.kz. 

«Күйеуім осындай болсын деген білімді жігіт»: Жанар Айжанова Қуандық Бишімбаев туралы айтты
Фото: видеодан скриншот

Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты Жанар Айжанова бір нәрсені ескеру керектігін жеткізді.

«Марқұм Салтанаттың күйеуі де көзі ашық, көкірегі ояу дейміз. Былай қарағанда менің күйеуім осындай болсын деген білімді жігіт. Шетелде оқып келген, қызметте жүрген, ол да тегін бала емес қой негізі. Оның тәрбиесі қалай ақсады? Оны алыстан іздеу керегі жоқ. Біз бесік жырынан қаштық. Сосын қазақтың сал-дәстүрінен өз қағидаларымыздан гөрі Европамен қоректендірдік. Европаныкі жақсы, мен қарсы емеспін. Бірақ оған дейін біз баланы тойдырып жіберуіміз керек еді өзіміздің салт-дәстүрімізбен, мәдениетімізбен, дінімізден хабар беріп. Ол енді Европапаланған бала келді де бәрі европаша-европаша, енді не болды?»  ‒ деді әнші. 

Журналистің «Кезінде продюсер Баян Алагөзованы бірінші күйеуі пышақтаған кезде бұрынғы президент қазіргі президент сияқты тез реакция бергенде жағдай күрделенбес еді» деген пікіріне де өз ойын ортаға салды. 

«Баянның айтатыны «әйел құл емес, әйел - адам». Екі жақты диалог болу керек, еркіндік болу керек. Неғұрлым еркін ұстап, неғұрлым еркелетсең, соғұрлым ол сені жақсы көреді. Айтады ғой еркектің еркек мысы басып тұрған кезде әйелге қорған болған кезде кез-келген өзі бетпақ болып кеткен әйел шыдамай жүрегі еріп кетеді. Еркектің ондай қасиеті болу керек негізі. Баянның сөзін жоққа шығармаймын.  Еркектер көбіне ашуға берілген кезде екі ортада баланы ойламайды. Әйелін өлтіріп тастап жатады, инвалид қылып жатады, тепкілеп ұрып жатады. Анасы өліп жатса, қанша ит болса да анасынан артық балаға ешкім карай алмайды. Білмеймін әйелді жау көріп алған. Одан біз көгермейміз. Ол қуанатын нәрсе емес. Ол кезде елбасы болған Назарбаевтың неге кіріспеді деген сұраққа жауап бере алмаймын. Өйткені мен саясатпен өмірі кіріспеген адаммын», ‒ деді.

Жанар Айтжанованың ойынша, адамдарды соттап, түрмеге тоғытып түзете алмаймыз. Баян мен Салтанатқа қатысты жағдайды болдырмау үшін отбасыдағы тәрбиеден бастау керек. 

«Отбасында әке әке орнында, ана ана орнында, ене ене орнында жүрсе, жанағыдай ақиқатта ақ пен қараны анығын айтып, батыратын жерінде батырып айтып, келген келінге және күйеу балаға құрмет, ізет көрсетіп отырсақ, бұның біреуі де болмас еді. Отбасында ақсамай өскен, бесік жырын тындап өскен, әке-шешесі үстел басынан бата қайтармай тұрғызбаған, аузынан Алласы түспеген болса, “балам біреудің ала жібін аттама, сен ер азаматсың, ертең отбасын болғанда өс-өн, жақсы келін әкел, көсегең көгерсін” дее естіп өспеген баладан не талап етесің?» ‒ деді әнші.