Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Назарбаев кешіре алмады»: Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділовтың ажалы туралы

Жазушы Дулат Исабеков Adam youtube арнасына берген сұхбатында саясаткерлер Алтынбек Сәрсенбаев және Заманбек Нұрқаділовтің экс-президент Назарбаевпен тартыстарына қатысты ойын бөлісті, деп хабарлады Paryz.kz. 

«Назарбаев кешіре алмады»: Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділовтың ажалы туралы
Фото: видеодан скриншот

Қаламгердің айтуынша, Назарбаевтың оң қолы деп атаған Алтынбек Сәрсенбаев кейін президенттің жасырын саясатын түсініп, оған қарсы шыға бастады.
«Бірте-бірте арғы жағындағы мемлекет басқарудағы саясатына Алтынбектің көзі әбден жетіп болды. Содан кейін ажырай бастады. Содан кейін сынға ала бастады, сынай бастады, тіпті қарсы келді. Кейбір адамдар келесі сайлау болатын болса, Алтынбекті ұсынамыз деген пікірлер пайда болды. Оны Назарбаев кешіре алмады», ‒ деді жазушы.

Нұрқаділов «Назарбаевтан кем емеспін» деп сөзі үшін ажал құшты, деп ойлайды Исабеков. Оның айтуынша, Заманбек Нұрқаділов президентке тік сөйлеп, сәл асыңқырап кетті. 

«Бір мерекенің кезінде: «Ертең бірінші май болады, парад болады, сол кезде сіз екеуіміз айтысайық, телевизорға шығайық» дедіч Содан ақ костюмін киіп Нұрқаділов шықты: «Мені де жұрттар Назарбаевтан кем танымайды» деп. Бірақ Назарбаев сол жерде онымен айтысып отыра ма? Қатты қарсылық содан басталды. Одан кейін оның бүкіл саясатына қарсы шықты. Одан кейін өзінің мінезі де ұрмалы еді ғой. Сол мінезі де себеп болды», ‒ деді қаламгер. 

Сұхбат жүргізуші «Назарбаев жүйесі Алтынбек Сәрсенбаев пен Заманбек Нұрқаділовтың қанын мойнына жүктеді ғой. Ел осыны ұмытқан жоқ» деп айтып өтті. Дулат Исабеков ажал құшқан тек бұл екеуі емес екенін алға тартты.

«Талай журналистер кетті ғой. «Бөбек» қорындағы Сараның өзі қылмыскер. Талай ақшаны алып-алып, сол адамдарды жоқ қылып жіберіп жатты. Бұның бәрі қалды жабулы қазан боп, ешкім білмейді. Қарап тұрсаң криминальный семья», ‒ деді Дулат Исабеков.