Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Дулат Исабеков «ҚТ», «ДТ» деп бөліну қалай пайда болғанын айтты

Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында жазушы Дулат Исабеков руға бөліну деген әлі ұлт болып қалыптаспағанымыздың белгісі деген пікір айтты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Дулат Исабеков «ҚТ», «ДТ» деп бөліну қалай пайда болғанын айтты
Фото: видеодан скриншот

«Санамыз әлі тайпалық деңгейден шыққан жоқ. Руға бөлу, сол арқылы қызметке қою әлі бізде бар сияқты. Ол мемлекеттің болашағын ойламау деген сөз. Мысалы, менің немерем Англияда үлкен компанияның 135 адамдық конкурсына түсті. Немерем бірінші орын алды. Бірден қызметке шығарды. Сондықтан оларда жұмыс жүреді. Ал егер олар нағашысын, жиенін взятка беріп алса, оның мекемесі жұмыс істемейді. Егер мемлекеттік санада жүзге бөлу арқылы мемлекеттік құрылымды құрайтын болса, онда ол мемлекеттің болашағы бұлынғыр деп есептеймін», ‒ деді жазушы.

Қаламгердің пікірінше, мемлекеттің басшысында ру болмау керек. Қазақстанда керісінше руға бөліну мемлекеттік қызметте әлі де кездесіп жатады.

«Ол ҚТ, ДТ деген Шымкенттен шықты. Оны баяғыда Мұхтар Шаханов өзінің керемет ақындық шыңына жетіп тұрған кезінде Шымкентте сөз сөйлеген «Осы ҚТ, ДТ дегенді Шымкент бастады». Оны бастаған жазушы емес, Шымкентте әкім болған Асанбай Асқаров болды. Сол келді де Шымкентте кәдімгідей осы «сен қт-сың ба, дт-сың ба» деп ашық сұраған, қызметті сөйтіп бөлген. Ал халыққа ол (руға бөліну) түкке керек жоқ», ‒ деп жауап берді жазушы. 

Журналистің «Мемлекеттік сыйлықты, халық жазушысы атағын, президент сайлауын үш жүзге бөліп тағайындау ұлтымыздың көсегесін қаншалықты көгертеді» деген сұрағына да жауабын берді.

«Назарбаевтың кезінде Халық жазушысы атағы беріле бастаған кезінде, Төлен Әбдіков онда президенттік аппаратта жұмыс істейді. Арыз астында қалдым деп отыр ғой, бәрі маған Халық жазушысы атағын алып бер дейді екен. Сол кезде Нұрпейісов екеуіміз Назарбаевқа хат жаздық. “Нұрсұлтан Әбішұлы, Халық жазушысы деген атақты президент бермеу керек. Елестетіңізші, Америкада немесе Францияда Макрон немесе Байден Халық жазушысы деп жазушыларына указ беріп отырса, бұл масқара ғой болмай ма?” деп. (…)Ұсақталып кетуі мүмкін. Халық жазушысы дегеннің қадірі кетіп қалуы мүмкін», ‒ деді Исабеков.