Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Екеуміз тату болдық, содан пайда тусе ме?»: Дулат Исабеков Мағауин туралы

Белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында Мұхтар Мағауиннің Солженицын сияқты диссидент бола алмайтынын айта келіп, қаламгерден шетелде жүргенін міндет етпеуін сұрады, деп хабарлады Paryz.kz. 

«Екеуміз тату болдық, содан пайда тусе ме?»: Дулат Исабеков Мағауин туралы
коллаж: Paryz.kz

Журналистің «Саусақпен санаулы ақсақалдарымыздың ауызбірлігі елдің ынтымағына зор әсер етеді. Мұхтар Мағауинмен күнде араласапсаңыз да бір-бірінізге құрметпен қарасаңыздар» деген тілегіне Дулат Исабеков «екеуіміз тату болсақ, пайда түседі ма» деп жауап қайтарды. Сонымен қатар, Мұхтар Мағауин туралы пікірін  өзгертпейтінін айтты.

 «Ол маған жауап бермейтін болды. Тас-талқанын шығарып жауап бергенмін. Сен не істеп жүрсің? Бірде-бір шығармаңды не қазақ шығармасын шетелде Америкада тұрып ағылшын тілінде неге шығармайсың? Солай қазақ әдебиетін насихаттаған болар едің ғой. Өзіңді ғалым дейсің? Неге ғалым болып лекция оқымайсың? Әл-Фараби жайлы, Дулати жайлы, Әнуар Әлімжанов жайлы, Әуезов жайлы, Абай жайлы? Ғалыммын дейсің, сен ғалым емессің дегем. Сені бір күн көрген жоқпын кітапханаға барып, кітап оқып отырғаныңды. Сен заочниксің деп те шындығын айтқам. Сократ айтқандай: «Платон мой друг, но истина дороже». Менің өкпем оған дұрыс па, әлде менікі жай буынсыз жерге пышақ салу ма? Әлде де сол пікірдемін. Айтқам, Солженицын бола алмайсың, Солженицын бүкіл СССР-ға, алып машинаға жалғыз өзі қарсы шықты диссидент болу арқылы. Ал сен жай ғана демалуға бардың. Оны сен міндет қылма. Тағы жалғастырса, тағы да айтатын сөзім бар», ‒ дедi жазушы. 

Исабеков Мағауиннің өзін қазақ халқының ұлы классигі Мұхтар Әуезовтен кейінгі менмін деген сөзі үшін айыптады.

«Мұхтар Әуезовтен кейінгі менмін деді. Семейде сөз сөйлегенде осылай деді. Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығын аттап өтіп, ресторанда бәріміз асығыс самолетке отырайын деп жатырмыз. Шота Уәлиханов шықты да «Әрбір 50 жылда осы Семей жері бір-бір Мұхтарды беріп тұрсын» деді, тілек. Содан кейін Мұхтар Мағауин атып тұрды да, микрофонға жүгіріп барды. «Шота не деп отыр елу жылда деп, елу жыл неменеге күтесің, тұрмын ғой мына мен» деді. Ал адам мықты жазушы осылай деп айта алады ма? Еш уақытта Мұхтар Әуезов сөйтіп айтпас еді. Скромность деген жоқ», ‒ дедi жазушы.