Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Мешіт салу да арамдықтың бір белгісі» - Ермұрат Бапи

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында жемқорлардың мешіт салғыштығында арамдықтың бір белгісі бар екенін айтты, деп жазды Paryz.kz. 

«Мешіт салу да арамдықтың бір белгісі» - Ермұрат Бапи
Фото: видеодан скриншот

Оның пікірінше, мешіт салып, өзінің күнәсін жууға ұмтылып жатқан кезіндегі коррупционерлер заман өзгергеннен кейін қазір өзінің артын жуып-шайып тазалап, қоғам алдындағы беделін, ар-абыройын қорғаудың қам-қарекетін жасап жатыр. 

Бұл сен мешіт салдың деп жазғыру емес, сол мешіт салып жатқандарға қазір қоғамда көп айтылып жүргендей мешіт емес, мектеп, спорт залдарын, балаларға арналған ғимараттар салуға әлдеқайда мүмкіндік көп. Дегенмен олар ең жеңіл жолын таңдап, мешіт салады да береді. Оны ары қарай күтіп, штат ұстаудың қажеті жоқ.

Мысалы, балаларға арналған мекеме салатын болса, оның ішіндегі қызметкерлердің ақысын төлеу керек, ол өте шығын. Сондықтан мешіт салады да бір имамға тапсырып, құтылады. Бұл да әрбірден кейін арамдықтың бір белгісі деп ойлаймын”, - деді Мәжіліс депутаты.