Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Жүйкесі сыр берді». Ринат Зайытов Бекболат Тілеуханның сынына жауап берді

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов өзін популист деп сынаған Бекболат Тілеуханға жауап берді, деп жазды Paryz.kz El.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Жүйкесі сыр берді». Ринат Зайытов Бекболат Тілеуханның сынына жауап берді
Коллаж: el.kz

Жалпы мен өзім Бекболат Тілеухан туралы әңгіме айтудан қашамын. Өйткені, ол кісі әңгімені әрі қарай әкете береді. Ол кісімен әлеуметтік желіде айқайласып жүруден нәтиже шығады деп ойламаймын. Халықтың көкейінде жүрген сұрақты үкіметке жеткізгенімнің қай жері популизм екенін түсінбедім. Онда бәріміздің сондай болғанымыз ғой. Содан кейін популизмді адамдар танымалдығын арттыру үшін жасайды. Ал маған оның дымға да керегі жоқ. Айлық 300 мың ешқашан болмайды дегенімен келіспеймін. Өйткені, нақты цифрға келетін болсақ, айлықты жыл сайын 15, 20, 30 пайызға дейін көбейеді, - дейді Ринат Зайытов  Adal adam youtube арнасына сұхбатында.

Депутаттың айтуынша, Бекболат Тілеуханның әу бастан осыларды жамандау керек деген ұстанымы бар.

Жүрген жерімде керемет әнші деп айтып жүремін. Оның еңбегін ешкім жоққа шығарып жатқан жоқ. Бірақ, осындай түсініксіз әрекеттер жасайды. Адам ретінде көңілің қалады. Ішіңнен осы кісіге не істеп қойдым деймін. Жанталасып әңгіме айтады. Ол кісі шетелде жүргеннен кейін кішкене күмәнім бар. Жүйкесі сыр бере бастады ма екен? Өте агрессив сөйлей бастайды. Осындайды көп айта бастады. Сосын көшенің жаргондарын көп пайдаланатын болыпты. Сондықтан жүйкесі сыр беріп жүрген шығар деп ойлаймын. Басқа не деп ойлаймын? Ондай әңгіменің отырып мен де түбін түсіріп айта аламын, - дейді Ринат Зайытов.