Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Киік қырылғанына кінәлі емеспіз»: Мәжіліс депутаты киікті атуға қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының өкілі Анас Баққожаев «ADAL ADAM» youtube-арнасына  сұхбат берді. Сұхбат барысында «Ауыл» партиясы өкілдерінің киік саны реттеуді сұраған депутаттық сауалы туралы айтылған. Оған қоса депутат партияның бұл мәселені Мәжілісте неге көтергенін жеткізген.

«Киік қырылғанына кінәлі емеспіз»: Мәжіліс депутаты киікті атуға қатысты пікір білдірді
Фото: Ortalyq.kz

- Киіктің саны өсті. Ол фермерлерге зардап әкеліп отыр. Егер киік керек пе, әлде шаруалардың тыныштығы мен материалдық жағдайы маңызды ма десе, мен екінші нұсқаны таңдаймын. Кез келген жануар адамның тұтынуы үшін жаралған. Егер киік киелі жануар деп отыра берсек, батыстағы, солтүстіктегі шаруаларға экономикалық тұрғыдан тиімсіз болады. Киіктер жайылымдық жерге зардап әкеліп, ауру ошғанын қалдыруы ықтимал, — дейді Анас Ахатұлы. 

Депутат киіктерді атуға рұқсат берген мемлекет әрекетін жақтап, аталған қадамды қолдайтынын айтты. 

- Киіктің санын реттеу керек. Шаруаларға өтемақы төлей алмағаннан кейін киіктерді атуға, союға мәжбүрміз. Оларды киік аз өңірге көшіру секілді әдіс кәдеге аспайды. Сондықтан киікті атуда, қыруда кінәлі емеспіз деп есептеймін. Бұл киік санын реттеудің тиімді әдісі, — дейді депутат.