Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Аманжол Әлтай билікте теріс ағым өкілдерінің бар екенін айтты

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай «ADAL ADAM» youtube-арнасына берген сұхбатында Үкіметте, министрлікте, жергілікті әкімдікте лауазым иеленіп отырған жат ағымдардың өкілдері туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінгі билік құрылымында ваххабизм, гүленизм сияқты жат ағымдардың өкілдері бар. 

Аманжол Әлтай билікте теріс ағым өкілдерінің бар екенін айтты

«Биліктің түрлі деңгейінде жат ағым өкілдері жоқ емес. Назарбаевтың тұсында теріс ағым өкілдері ойына келгенін істеді. Бар салада тамыр жайды. Тіпті, Үкіметте, министрлікте, жергілікті әкімдікте лауазым иеленіп отырған тұлғалар бар. Олардың қолында билік болғаннан кейін ықпал болады. Өзінен кейін мақсаты бір жастарды тартуға тырысады. Сондықтан, мемлекеттік қызметке іріктеу кезінде әрбір маманның діни көзқарасы есепке алыну керек деп ойлаймын», — деді А.Әлтай. 

Депутат олқылықты түзеу үшін кешенді жұмыс жүргізу қажет деп санайды. Сонымен қатар «мәселені бірден ретке келтіру қиын» екенін де жасырмады.