Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Қайрат Сатыбалды мен Бауыржан Бәйбектің ықпалы болды": Депутат кезінде Жүрсін Ерманды айтыстан кім шеттеткенін айтты

Белгілі айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай айтыс тарихына қатысты пікір білдірді, хабарлайды Paryz.kz.

"Қайрат Сатыбалды мен Бауыржан Бәйбектің ықпалы болды": Депутат кезінде Жүрсін Ерманды айтыстан кім шеттеткенін айтты

Депутаттың сөзінше, бір кезеңде Қайрат Сатыбалды мен Бауыржан Байбек айтыстан Жүрсін Ерманды шеттеткен екен. Сол кезде айтыс мазмұнына діни мәселе қосылып, кей ақын теріс діни насихат жүргізген. 

«Бір кезеңдерде Жүрсін ағамыздың қолынан айтыс тізгінін тартып алған уақыт болды. Оған Қайрат Сатыбалдының күші мен сол кездегі «Нұр Отан»-ның атқарушы хатшысы Бауыржан Бәйбектің ықпалы болды. Сол аралықта сахнада түрлі діни уағыз айтылған болатын. Алайда Жүрсін ағамыз айтыс тізгінін қайта қолға алған кезде кеткен қателік орнына келді», — деді депутат. 

Сондай-ақ А.Әлтаев өнерде теріс ағымға қарсы тұрған айтыскердің саны көп екенін де айта кетті. Тек олардың сөзі БАҚ-та сирек жарияланатынына өкініш білдірді.