Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Ермұрат БӘПИ: «Жаңа Қазақстанның құрылатынына көзім жетті....»

Мәжілісмен Ермұрат Бәпи «Paryz.kz» берген сұхбатында егер қоғам мен биліктің арасы ырду –дырду болатын болса, бұл сөз тек декларативті күйде қала беретінін айтты...

Ермұрат БӘПИ: «Жаңа Қазақстанның құрылатынына көзім жетті....»
Фото: qaz365.kz

Қоғам мен биліктің арасындағы байланыстың қажеттілігі. Оған екі жақта ынталы болса, Жаңа Қазақстанның құрылатынына көзім жетті. Егер билік өз алдына, қоғам өз алдына ырду болып жүретін болса, ол ешқандай да Жаңа Қазақстан болмайды. Ол декларация күйінде қалады. Билік өзалдына, қоғам өз алдына қиқулап жүретін болса, дамудан тағы да ондаған жылдарға кейін қаламыз.

Осы жолы Парламентке келгендердің арасында, тіпті «Аманаттың» ішінде де қоғамға, елге, ұлтқа, мемлекетке жанашыр, азаматтық ұстанымына берік азаматтардың бар екендігіне көзім жетті. Билік пен қоғамның арасындағы бір бітпес қарсылық бар ғой? Сол таза опозицияда жүргенде билік ештеңе істемей жүрген сияқты, қоғамға қарсы сияқты болаын.

Қазір Парламентте отырып қарасам, мұнда да бір өзгерістерге әрекет етіліп жатыр. Сең осы жерден сөгілді. Өзгерістер осы жерден басталды. Ал, қоғамда сол баяғы Назарбаевтың кезінен қалған протестік күй қалған. Мемлекеттік идеология мен қоғам осыны қорытып үлгерген жоқ, әлі... Назарбаев пен Тоқаев бір адам бар деп есептейді. Қоғамда осындай синдром бар ", - деді Ермұрат Бәпи «Paryz.kz» берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Назарбаев пен Тоқаев бір адам емес. Сайлауға түсуімнің өзі Қаңтар трагедиясынан кейін мүмкін болды. Ашығын айтсақ, Қ-Ж.Тоқаевтың президент болуының өзі Қаңтардан кейін жүзеге асты. Оған дейін елде қос билік болған.