Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Ә.СМАЙЛОВ: «Жемқорлық қылмыстары үшін қамалған генералдар мен полковниктардың басын қосса, бір батальон шығады»

Биылғы жылдың сәуір айында қорғаныс министрлігінің өкілдері  «Солдат аналарымен» кездескенде біздің 30 мыңға жуық жастарымыздың әскери міндеттерін өтеуден бой тасалап жүргенін айтты. Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаев әскери қызметтің мәртебесі мен оның беделін көтеру туралы айта келіп, ҚР Қорғаныс министрлігінің алдында біраз міндеттерді жүктеді. 

Ә.СМАЙЛОВ: «Жемқорлық қылмыстары үшін қамалған генералдар мен полковниктардың басын қосса, бір батальон шығады»
Фото: gov.kz

Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде жастардың әскерге бармақ түгілі, курсант болғысы жоқ. Мәселен 1990 жылдары баяғы Конев атындағы Жоғары әскери училещеге түсу үшін 1 орынға 10 талапкер болатын. Қазір, Алматыдағы құрлық әскерлері әскери институтына  түсу үшін 52 талапкер жетпей қалды. Бұл әскери институттың біреуі ғана. Өзге де әскери жоғарғы оқу орындарында осындай жетіспеушілік байқалды. Бұл жастардың офицер болғысы келмейді деген сөз. Бәлкім ауыртпалықтан, немесе жауапкершіліктен қашқақтайтынын білдірсе керек. Қалай десек те, әскери қызметтің өз қиыншылықтары бар... Сайып келгенде «Әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» Заңға өзгерістер керек.

Тағы бір айта кететін жағдай, әскери қызметкерлердің мәртебесінің төмендеуіне біздің офицерлеріміздің өздері де кінәлі. Жемқорлық қылмыстары үшін қаншама полковниктар мен генералдар сотталды. Сол абақтыға қамалған генералдар мен полковниктардың басын қосса, бір батальон шығады. Осының барлығын көріп отырған елдің қандай ой түюі мүмкін? Әрине әскери қызметке баласын қимай қалады...

Әскердегі тәртіпті нығайту үшін біздің генералдарымыз бен полковниктеріміз мықты болуға тиісті. Маған қазіргі генералдар ренжімес. Бірақ, біздің алғашқы генералдарымыздың шоғыры биік, мықты болатын. ҚР алғашқы қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетов сол алғашқы генералдарды біреуін Түркіменстаннан, бірін Балтық жағалауы елдерінен алып келіп, қызметке қойды. Ол кезде олар әскери полковник шендерінде еді. Қорғаныс министрі сол кезде жүктеген жауапкершілікті олар да ақтай білді. Сөйтіп, олар ҚҰ Қарулы күштерін жаңа сатыға көтерген. Кейіннен әскерге азаматтық тұлғалар келген соң, қорғаныс саласындағы жағдай мүлде өзгеше болып кетті. Бұрынғы әскери қолбасшылар зейнетке шыққан соң, олардың орындарына салық, кеден органдары мен заңгерлер келген соң, қорғаныс саласында оң өзгеріс болған жоқ. Бұған соңғы 10-15 жылдың бедері куә...