Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Қазақстанның денесіндегі соғыс салған жара

Қазақстанның денесіндегі соғыс салған жара

Біреу білер, біреу білмес, бірақ, екінші дүниежүзілік соғыстың өрті қазақ жерін, оның ішінде Батыс Қазақстанды да шарпыды. 1942 жылы 200 күнге созылған Сталингард шайқасы өтті. Сол кезде совнаркомның қаулысы бойынша, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы соғыс жағдайы жарияланған. Өйткені, Сайқын, Жәнібек станцияларыарқылы өтетін жалғыз темір жол желісі арқылы майданға қару-жарақ пен техника, азық – түлік жеткізіліп отырды. Ал, кері бағытта санитарлық поезбен Орта Азиядағы әскери госпитальдарға жаралы жауынгерлер жеткізілді. Сондықтан, майдан даласына жеткізіліп жатқан материалдық-техникалық құндылықтарды жою арқылы алдымен ұшақтан диверсанттар түсірілді, соңынан неміс-фашистерінің бомбалаушы ұшақтары жиі-жиі бомбаларын тастап  отырды.

Мәселен Жәнібек станциясына 40 рет, Сайқынға 36 рет және Шұңғай станциясына 27 рет шабуыл жасаған. Нәтижесінде 300 әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындар қаза тауып, 250-ге жуық адам жараланған.

Сол жерде үлкен бауырластар зираты бар. Сайқын станциясындағы темір жолдың маңында 26-27 төмпешікте сол кезде қаза ттапқан жауынгерлер жерленген. Мұнда олар сол снарядтардтан пайда болған шұңқырларға тездетіп поезд жолын тазарту үшін көмілген. Былтыр осы шұңқырларды қазған кезімізде бір шұңқырдың өзінен 27 жауынгердің сүйегі шықты.   Олардың біразының аты-жөндері де белгілі. Санитарлық поезд болғандықтан, мұндағы жауынгерлерге акт жасалып, олардың қай вагонда қанша жауынгердің қаза тапқаны жайлы аты – жөндері көрсетілген.

«Аталар аманаты» ұйымы жеңістің 80 жылдығы қарсаңында 26 шұңқырда жатқан жауынгерлерді қазып алып, әскери құрметпен қайта жерлеуді мақсат етеді. Бұл 26 төмпешік - Қазақстанның денесіне соғыс салған жара. Оның ішінде қанша адамның жатқаны – бүгінде құдайға ғана аян...