Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Генералдар тым көбейіп кетті»: М.Мағұлов

Әскери академияның жеке әскери полигоны жоқ. Ол аз десеңіз Әскери академиядағы оқытушылардың  70 пайызы әскери кадрлар емес.

«Генералдар тым көбейіп кетті»: М.Мағұлов
Сурет: видеодан скриншот qazaqstan.tv

Жеңіс  күні алдында мемлекет басшысы 21 әскри қызметкерлерге генералдық атақ берді.

Енді тәуелсіздік алғалы бері генералдық атақты алғандарды санасаңыз, олардың саны 600-ден асып кеткен. Бұл генералдарды осыншама көбейтіп, олардан полк құрастырмақ па? Әлде дивизия жасақтай ма?

Меніңше осылардың барлығы бірдей генералдық атаққа лайық емес. Егер, 40 жастағыазаматқа генералдық атақты берсе, ол заң бойынша 60 жасқа келгенге дейін 20 жыл сол генералдық шенін ақтап, әскерде аянбай еңбек етуге тиісті.

Ал, бізде қалай? Генералдық шенді алған соң, запасқа шығып кетеді. Оның орнына басқа келеді. Одан тағы генерал жасайды. Ол дегеніңіз – сол генералға төленетін еңбек ақы, киімі, көлігі мен өзге де әлеуметтік төлемдер... Сонда мемлекет материалдық шығынға батып отырған жоқ па? Кеңес үкіметі кезінде генералдық шенді алу үшін 15-20 жыл тер төгетін. Бізде 2-3 жылда генералдық атақты ала салады. Содан соң, шамалы уақыттан соң, демалысқа шығарып жібереді.

Мен Польшада әскери қызметте болдым. Сонда 500 мың әскери қызметкер болды. Оның тек 50-уінде ғана генералдық шен болды. Одан артық генерал болмайтын. Тек, бір генерал қайтыс болғанда ғана өзгесіне шен беріледі. Яғни белгілі бір мөлшерде баланс сақталатын.

Генерал Сағдат Нұрмағанбетовтың кітаптарын көп оқыдым. Сонда С.Нұрмағанбетов біздің еліміздің Қарулы Күштеріне 40-50 генерал жетіп артылады деген болатын. Ол кезде 38 генерал ғана болды. Олар 60 жасқа дейін алған шенін ақтайтын. Яғни, алмақтың да салмағы бар...