Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Офицерлердің жауапсыздығы - сарбаз өліміне әкеліп соғады»: Манас Мағұлов

«Офицерлердің жауапсыздығы - сарбаз өліміне әкеліп соғады»: Манас Мағұлов

Әскердегі  моральдық ахуал төмендеп кетті. Біздің Қарулы Күштеріміз құрылған 1993 жылдары әскердегі – өлім-жітім қазіргіден 3 есе аз еді. Ол кезде жауынгерлік міндеттен тыс адам өлімі - 33 болса, қазір Бас әскери прокуратураның есебі бойынша бұл көрсеткіш бір жылда 3 есеге өсіп, 90 адамға өскен.

Бұны мен кәсіби әскери мамандардың аздығынан жол беріліп отырған шығын деп ойлаймын. Жауынгерлердің әскери дайындықтары өте төмен. Сондықтан, қоймалар жарылып, түрлі оқыс оқиғаларға жол беріледі...

Айтудың өзі ұят, бірақ бейбіт заманда біреудің баласының әскерде өлім құшуы жақсылықтың нышаны емес. Әскери офицерлерде жауапкершілік төмен. Бар мәселе осында, - деп тұжырымдады запастағы полковник, тарих ғылымдарының кандидаты Манас Мағұлов.