Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақтың көші шекаралық аймақтардағы проблемаларды шеше ала ма?

Қазақтың көші шекаралық аймақтардағы проблемаларды шеше ала ма?
Сурет: egemen.kz

Қытай мемлекетіндегі Шығыс өлкесінен Батыс өлкесіне 100 млрд адамды көшіруге қатысты арнайы бағдарлама бар. Осы бағдарлама бойынша Батысқа көшіп барған әр отбасына 25 мың АҚШ доллары көлемінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында Батыс қытайға көп мөлшерде инвестиция құйылуда. Осындай бағдарламаны Қазақстанға да қолдануға болар еді. Өкінішке орай, оны Қазақстанның экономкасы көтермейді. Себебі Қытай әлем бойынша экономикасы жағынан 2-ші орында.

Бұл тұстағы басты проблема – экономиканың сын көтермеуі болса, келесі проблема – ауа райының ерекшелігі. Өздеріңізге мәлім, біздің оңтүстік облыстарымызда 8 ай жаз мезгілі болса, қыс бар – жоғы 2 аймен шектеледі. Оңтүстікте 3 млнға жуық халық қоныстанған. Оңтүстік облыстар  шаруашылықпен айналысуға өте тиімді аймақ болып есептеледі. Әрі жанға жайлы. Осы себептермен, оңтүстіктен солтүстікке көш түзген ағайындар саны аз болуы заңды. Қандай ынталандыру шараларын қолға алғанымен,  бұл бағыттағы жұмыс өте күрделі.

Мұны шешудің бір оңтайлы әдісі бар. Ол солтүстік облыстарға аудандық коэфициенттерді енгізу керек. Мүмкін сонда ғана қызығушылық пайда болуы мүмкін. Өкінішке орай мұндай аудандық коэфициент мәселесі Қазақстанда шешілмеген. 2002 жылы мен сенатор болған кездері Қостанай, Петропавл, Павлодар облыстарына аудандық коэфициентті қосу туралы  проблеманы Парламентте көтерген болатынмын. Ол кезде өздеріңізге мәлім, мұнайдың баррелі 100-150 АҚШ доллары болған. Әйтсе де сол кездің өзінде бұл ұсынысқа Үкімет қарсы шықты.

Тек бұл емес, шет елге жұмыс істеуге кетіп жатқан озық ойлы, білімді жас мамандарды елімізде қалай ұстап қаламыз деген сауалды да қоса шешуіміз керек. Олар Қазақстанда қалғысы келмей кетіп жатқан жастар емес. Сөйлесе қалсаңыз, олар өз еліміздің патриоттары. Елімізде сол жастарға лайықты жұмыс пен соған лайықты жалақы болмағандықтан, еріксіз мәжбүрлікпен кетіп жатыр. Сондықтан, мұны да ескеруіміз керек.