Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Сепаратизм мәселесі шешіле ме?

Бұл ең қатерлі, күрделі проблема. 1990 жылдардың басында бұл тек ШҚО ғана емес, БҚО Оралда да болған.

Сепаратизм мәселесі шешіле ме?
Сурет: altyn-orda.kz

Бұдан зорын айтайын, 2002 жылы Қазақстанда Ресейдің жылы болды. Ал, 2003 жылы Қазақстанның Ресейдегі жылы болды.

Сол, 2003 жылы мемлекеттік делигацияның құрамында біз Ноғайсібір /Новосибирск/ қаласына мемлекет қайраткерлері, өнер жұлдыздарымен бірге бардық. Ол кезде мен сенатор едім. Сонда өз көзіммен көрген оқиғамен бөлісейін.

Ресейдің 3 облысының губернаторлары, олардың орынбасарлары, кремльдіңөкілдері, мемлекеттің күштік құрылымдарының басшылығы бар, Ноғайсібірдегі орталық концерт залы секілді ғимаратта бас қостық.  Әр қайсымыз қатаң бақылау арқылы залға ендік. Залда 2-3 мың адамның қарасы болды. Сонда, 2, 3 қабатты балкондардан бір бұйрық берілгендей, төбеден Семей – Ресейдікі, Өскемен – Ресейдің аумағы, Орал – Ресейдің жері. Петропавл, Павлодар – ежелгі Ресейдің жері деген жазулары бар плакаттар төбеден жауды дерсің. Ол аздай сол мәтінді дауыстап айтты. Біз емес, олар бізге концерт көрсеткендей болды. Бізбен бірге вице-спмкер М.Көпей, бірнеше сенаторлар мен мәжілісмендер бардық. Ресейдің күштік құрылымдарының өкілдерінің барлығы залда отырды...

Сондықтан, сепаратизм кеше ғана пайдаболған жоқ. Ал, сепаратизмге жол ашқан меніңше – Назарбаев. Егер, Балтық жағалауы елдері сияқты мемлекеттік тіліміз – қазақ тілін мемлекеттік деңгейде қалдырып, ресми, ұлтаралық тіл дегендерге жол бермегенде мұндай проблема бүгін туындамас еді.

Өйткені біз қазақ тілін өзге ұлттарға мойндата алмадық. Орысша сұрақ қойғанға орысша жауап бер, қазақша сұрақ қойғанға орысша жауап бер деп, елдің басын қатырып қойдық.

Қазақ тілін биліктегілердің өздері сыйлап отырған жоқ. Сондықтан, сепаратизмнен құтылу үшін, биліктегілердің қазақ халқын сыйлауы керек.

Биліктегілердің қазақтарды сыйламауы, Қазақстанды сыйламағаны деп түсінуіміз керек. Қазақтарды менсінбегені - мемлекетті менсінбегені.

Бұл тек тілдік деңгейдегі проблема емес. Ұлттық рух мықты болса, экономикамыз да дамыр еді. Өзге ұлттарға басымдылық беріп, мемлекетті құрастырушы халықты тізгіндеп ұстар болса, ол жақсылықтың нышаны емес. Бұл қазақтың да, қазақ билігінің де қасіреті болар еді.