Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Аман қалғың келсе, тез арада кет!»: заңгер телефон жөндейтін «сақалдыларды» тексеруді талап етті

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі, Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек телефон жөндейтін «сақалдылардың» көбейіп, кейбір жерде халыққа қоқан-лоққы көрсететінін айтты.

«Аман қалғың келсе, тез арада кет!»: заңгер телефон жөндейтін «сақалдыларды» тексеруді талап етті
фото: әлеуметтік желіден

Ол Facebook желісінде жариялаған жазбасында смартфон мен телефон жөндеу орындарының көп бөлігін деструктивті дін ағымдары өкілдерінің иеленіп алғанын растады.

Осыған мысал ретінде ол жақында Атырау қаласында болған оқиғаның аудиожазбасын жариялады.

2018 жылы Шымкент қаласында «телефон» жөндейтін дүңгіршектерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жігіттері жанын шығарып тұрып тазалап еді.

Маған сол кезде шағым көптеп түсетін. Тіпті, «қысқа балақтылар» сол жерден университетке өтетін қыздардың киімдеріне дейін әңгіме ғып, доқ көрсетіп құтырып кеткен еді!

Байтұрсынов көшесіндегі сол төңіректі «еншілеп» еркінси бастағанда Шымкентке ҰҚК-і басшысы болып Тасыбеков деген кісі жаңадан келіп, бір күнде аяқ-қолдарын бүктеп, тазартып тастаған еді.

Бірақ қазір бұлар қайта көбейе бастады!

Қаңтар бізге әлі сабақ болмады ма?

Неге бұларды қолдан құтыртып отырмыз?

Өз елімізде емін-еркін, қауіпсіз жүре алмаймыз ба сонда?!

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қазақстандағы бүкіл телефон жөндейтін «сақалдыларды» жіті тексеріп шығамыз!, –  делінген оның жазбасында.

Заңгер аудиожазбадағы қыздың дауысын әдейі өміріне қауіп төнбесін деп өзгерткенін ескертті.