Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Күні-түні Құран оқимыз, намазға жығыламыз»: Алматы облысында ер адам 4 жыл бойы қыздарын мектепке жібермеген

Алматы облысында бес қыздың әкесі балаларын сабаққа бермей, әйеліне никап кигізіп, үйде отыруға мәжбүрлеген. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Күні-түні Құран оқимыз, намазға жығыламыз»: Алматы облысында ер адам 4 жыл бойы қыздарын мектепке жібермеген
Фото: әлеуметтік желіден

Журналист елдің бәрі Астанада шулап жатқанда, біз жат ағымның жетегінде кеткен жалғыз салафитпен алысқанын айтты.

"Жаубиддин – 5 қыздың әкесі. Әйелі жоғары білімді магистратураны бітірген деседі. Қазір жан баласының көзіне түспей никап киіп үйінде отыр.

Мәселе, 5 қыздың үшеуі мектеп жасында (13, 10 және 9-да). Соңғы екеуі өмірі мектеп көрмеген. Әкесі 3 қызын 4 жылдан бері сабаққа бермей отыр. Үйден шығармайды. “Күні-түні Құран оқимыз, намазға жығыламыз. Далаға шықсақ, әкемнің көлігіне тез отырып мешітке ғана барамыз” дейді көздері жылтыраған қыздың бірі.

Дегенмен әкесі қағаз жағын қатырыпты. Қыздардың бәрі Ресейдің бір жеровосындағы түрлі мектептерде онлайн оқиды деген анықтамасы бар. Біз үшеуінің де анықтамасы жалған екенін анықтадық.

Елімізде қазір төтенше жағдай емес, онлайн оқуға заңмен тыйым салынған.

Иек астында отырған отбасының оқу-біліммен ойына келгенін істеп, балалардың  құқын таптап отырғанын Алматы облысы Еңбекшіқазақ Ауданы, ҰҚК, прокуратура, полиция, ОДН, ИДН, білім бөлімі және әкім бізден естіді. Сонда КНБ-ның есебінде тұрған қоғамға қауіпті азаматты бақыламаса, біздің мемлекеттік құзырлы органдар басқа не істейді?", -  деп жазды ол.