Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Ескі Қазақстанның мемлекетке қарсы заговоры!» - Депутат Күдебаевтың елден қашуы туралы

Мәжіліс депутаты атағы дардай генералдың қашып кетуіне ІІМ, шекара қызметі өкілдерінің қатысы бар деп есептейді.  Бұл туралы Ерлан Саиров өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Ескі Қазақстанның мемлекетке қарсы заговоры!» - Депутат Күдебаевтың елден қашуы туралы
Фото: nurmedia.kz

"Серік Күдебаевтың Қазақстаннан қашып кетуі, "ескі Қазақстанның" мемлекетке қарсы заговоры! Мұндай "тұтқиыл қашуды" ІІМ, шекара қызметі өкілдерінсіз ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл эксцесс жіті тексеріліп, кінәлілер жауапқа тартылып, Серік Күдербаев Қазақстанға экстрадиция жасалуға тиіс", – деп жазды халық қалаулысы. 

Сонымен қатар ол бұл мәселе Мәжіліс депутаттарының бақылауында болатынын мәлімдеді.