Белгілі педагог, қоғам белсендісі Аятжан Ахметжанұлы Петропавлдың бір топ тұрғыны Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасағанына қатысты алаңдаушылық білдіріп, өзінің Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Оның айтуынша, Петропавл қаласын арнайы дамыту бағдарламасын жасап, қаржы салу керек.
"Петропавл қорқынышты. Оңтүстіктен Солтүстікке көшті үдетіп, Петропавл қаласын арнайы дамыту бағдарламасын жасап, қаржы салу керек. Астанаға қаржы салынды, 150 халық тұратын жер 1,5 миллион халық тұратын өңірге айналды. Қаржы салса халық өздігінен барады. Тура солай қаржы салып, жұмыс орындарын көптеп ашып, облыс халқын кемінде 2 есеге, қазақ санын 3 есеге арттыру керек. Басқасы өнім бермейді", - деп жазды қоғам белсендісі.
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстанда сепаратистер Қазақстан Республикасын «корпорация» деп атап, оның құқықтық негіздерін жоққа шығарған болатын.
СҚО полиция департаменті видеода отырған кісілердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.