Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Бұл сайлау өткен сайлаулардан өзгеше

Ия, бұл сайлау бұрынғы сайлаулардан өзгеше. Санаулы күндерден соң, наурыздың 19-күні өтетін саяси додада Мәжіліс пен түрлі деңгейлердегі мәслихаттар аралас жүйемен жасақталып, ҚР Парламент Мәжілісіне 69 депутат партиялық тізім бойынша, 29 депутат бірмандаттық сайлау округі бойынша сайланбақшы.

Бұл сайлау өткен сайлаулардан өзгеше
сурет: ашық дерек көздерінен

Сонымен бірге, түрлі деңгейлердегі мәслихат депутаттары республика көлемінде можаритарлық жүйемен сайланбақ. 

Демократиялық сайлаудың өзіндік стандарттары бар. Сол стандарттардың бірі – электронды дауыс беру. Электронды дауыс беру біз үшін неліктен қол жетпес арман? Бұл жөнінде өздеріңіздің пікірлеріңізді күтеміз. 

Қолымыздағы ең құнды дүниеміздің бірі – біздің қаражатымыз. Оның өзін қалтафонымыз арқылы аударамыз, төлем төлейміз. Сайлаудағы әр дауыс та өте құнды. Еліміздің демократияға қаншалықты жақындауы, әділетті, Жаңа Қазақстанды құруымыз сайлаудағы біздің дауысымызға тікелей байланысты.  Осы сауалдар бойынша еліміздің Бас қаласы Астана қаласының тұрғындары арасында Paryz.kz жүргізген сауалнаманың нәтижесімен таныс болыңыздар.