Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Қазақтар ешбір жағдайда армян-әзербайжан текетіресіне қатыспайды - Арман Шораев

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығысқа кез келген жағдайда қатысуы мүмкін емес.

Қазақтар ешбір жағдайда армян-әзербайжан текетіресіне қатыспайды - Арман Шораев
Фото: ашық дереккөзі

Бұл туралы CaliberAZ тілшісіне қазақстандық қоғам қайраткері Арман Шораев армян тарапының арандатушылық әрекеттері салдарынан басталған Армения-Әзірбайжан шекарасындағы ұрыс қимылдарына Армения басшылығының ҰҚШҰ-ны тарту әрекеттеріне байланысты түсініктеме бере отырып мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

«Үлкен қақтығыстар немесе кең ауқымды соғыс туралы айтатын болсақ, менің ойымша, беларустар да, тәжіктер де, қырғыздар да, сайып келгенде, қазір Украинада қиын жағдайда тұрған орыстарға да, екінші майдан қажет емес. Ал қазақтар тіптен ешбір жағдайда армян-әзербайжан текетіресіне қатыспайды. Мұндайға қазақстандықтар бармайды, өйткені Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында Әзірбайжанға барған сапары және ел президент Ильхам Әлиевпен орыс тілін қолданбай өз ана тілдерінде еркін сөйлесуі, бұл Қазақстанның Ресей ықпалынан, тиісінше, барлық әскери, экономикалық және өзге де одақтардан шығып бара жатқанын көрсетеді. Сондықтан мен қазақстандық бітімгерлердің армян-әзербайжан қақтығысына қатысуын мүлде жоққа шығарамын», - деді Арман Шораев.