Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Экс-сенатор Уәлихан Қайсаров: шет елдеге ұрлап әкеткен 500 млрд долларға қазақтың бар проблемасын былайша шешуге болады

Қазақстанға қайтқан қаржының көлемі  шамамен 160 млрд теңге. Долларға шаққанда 300 млн доллар ғана. Бұл олардың ерікті түрде беріп жатқаны. Ал, олардың шетелдердегі активтерін қайтару үшін міндетті түрде соттың шешімі болуы керек дейді "Сұрауы бар" арнасында қонақта болған экс-сенатор Уәлихан Қайсаров деп жазады Рaryz.kz ProjectXKazakhstan сілтеме жасап. 

Экс-сенатор Уәлихан Қайсаров: шет елдеге ұрлап әкеткен 500 млрд долларға қазақтың бар проблемасын былайша шешуге болады
Видеодан кадр

Алдымен Қазақстаннан шыққан қаржыға алынған активтердің қай елде орналасқанын немесе жасырынғанын анықтап алуымыз керек. Тек содан соң ғана, сот шешіміне сәйкес, Бас прокурор сол елдерден сұрайды. Бұл ретте бір шектеуге көңіл аудару керек. Сырттағы қаржыны қайтарарда, демократиялық бағыттағы елдер байқайды: Қазақстан авторитарлы ел ме, әлде демократиялық бағытта ма? Егер, авторитарлы  мемлекет болса онда ол қаржыны қайтармайды. Өйткені одан халыққа келер пайда жоқ деп есептейді. Яғни Қазақстанның демократиялық жолға түскеніне көздері жеткен соң ғана қаржыны қайтаруы мүмкін.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы кезең-кезеңімен ұрлықпен тапқан  500 млрд доллар сыртқа шыққан. Сыртқа кеткен осы жарты триллион долларға қазақтың біраз проблемасын, оның ішінде баспана мәселесін шешуге болар еді. Мәселен, отбасында дүниеге келген 1 бала үшін 1 бөлмелі пәтер, 2-ші баласы дүниеге келсе, 2 бөлмелі пәтер, 3-ші баласы өмірге келсе 3 бөлмелі пәтер беруге болар еді. Оның үстіне Ресейдегі секілді «Ана капиталын» төлеуге болады. Осы мәселені жолға қойылса, демографиялық көрсеткішіміз  5 жылда 2 есеге көбейеді.

Сонымен бірге,  ауыл шаруашылығын дамытсақ қазіргі проблемалардың 80 пайызы шешіледі.

Сайып келгенде, сол сырттан келетін қаржыны қадағалайтын механизмдер қажет. Бұл да проблема...