Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Экс-сенатор Уәлихан Қайсаров: Назарбаевтың рейдерлікпен айналысқан туыстары жазадан құтылмауға тиісті

Қазақстанда рейдерлік қалыпты жағдайға айналды. Неге?Өйткені биліктің эшалонындағылар мен олардың айналасындағылар қылмыс жасаса да жауапқа тартылмайтындарын білді. Сыбайлас  жемқорлық жайлады. Миллиардтап ұрлайтындар жазадан тыс қалды. Сондықтан, ойларына келгенді істеді. Жүйе осыған  жол берді. Саяси жүйе бір ғана адамның қолында болды дейді экс-сенатор Уәлихан Қайсаров "Сұрауы бар" каналында деп жазады Рaryz.kz  ProjectXKazakhstan сілтеме жасап.

Экс-сенатор Уәлихан Қайсаров: Назарбаевтың рейдерлікпен айналысқан туыстары жазадан құтылмауға тиісті
Видеодан кадр

Демократиялық елдерге көз салсаңыз саяси жүйе бір адамға тәуелді емес. Тәуелсіз үкімет, тәуелсіз сот, тәуелсіз парламент деген институттар бар. Бізде осының барлығы президентке бағынышты. Егер, олар президентке бағынбаса, бірін – бірі бақылап, тексеріп отыратын болады. Европа мен Америкада биліктің осы түрі жүздеген жылдардан бұрын қалыптасқан. Өзін-өзі дәлелдеген. Сондықтан да олар диктаторлық билікке жол бермейді. Олай болса, біз неге осы тәжірибені өзімізде қалыптастырмаймыз? Бізге демократиялық жолды жолатпай отырғаны – диктаторлық жүйе әбден орныққан. Аяғы не болғанын көріп отырмыз. Қаншама адам Болат Назарбаев бизнесімді тартып алды деп шағымданды. Ал, Болат Назарбаев жауапкершіліктен қашқысы келіп, арнайы қойылым жасап отыр. Бізде денсаулығы нашар болса, жауапқа тартпайтын тәжірибе бар. Ешкімнің ешқандай жағдайына қарамай, қылмыс жасады ма, жауапқа тарту керек. Сонда ғана өзгелерге сабақ болады. Ешкімнің жазадан құтылмасын білуі керек.

Болат Назарбаевтың ақыры бір аяғы көрде болса, Болаты болсын, Назарбаевтың өзі болсын, қыздары болсын жинаған байлығын халыққа қайтарсын.