Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Тимур Құлыбаев сатпаған не қалды?

Тимур Құлыбаев Қазақстанның локомотивтері мен вагондарын ресейліктерге сатпақ деген ақпарат шыққалы бері қоғам белсенділері мен әлеуметтік желі қолданушыларының біразы өз наразылыөтарын білдіруде деп жазады Рaryz.kz Қоғам белсендісі Мұқтар Тайжанның Facebook жеке парақшасына сілтеме жасап. 

Тимур Құлыбаев сатпаған не қалды?
https://365info.kz/2016/09/biografiya-muhtara-tajzhana

"БАҚ жазылып жатқандай, Тимур Құлыбаев "Жаңа қазақстанның" локомотивтері мен вагондарын ресейлікерге сатуды бастаған.

ҚТЖ тиесілі дүниелер Т. Құлыбаевтың меншігіне қалай өтіп кеткен? Егер баршамыз бірігіп бұл үрдісті тоқтатпасақ, таяу күндері Қазақстанның ірі банктері мен жанар-жағар май құю станцияларының ең ірі желілері де ресейліктерге өтіп кетуі ықтимал"- деп жазған Мұқтар Тайжан.

Мұның астына жазылған комментарийлерге желіні пайдаланушылар:

"Президент мырза министрлер қайда қарап отыр? Құзырлы органдар қайда қарап отыр? Халыққа ертегі айтып отырғанша осындай жемқорлық схемалардың алдын неге алмайды? Несіне олар бюджеттен айлық алып отыр? Шалдың туыстары әлі күнге елді тонап жатыр. Бұл Елде қожайын қашан болады? Талан таражға жол беріп не істеп отыр үкімет? Таратылсын бұл қорқау үкімет."

"ҚТЖ кәзір саудасы бітті десе де болады.Келген вагонды тұйыққа(тупик) қойдыра алмай 7-10 күн жүреді кәсіпкерлер.Маневровый тепловоздар жоқ.Бар кінә өздерінен болса да за простой ақша толететінін қайтесіз? Вагон жетіспеушілігі ол өз алдына. Жалпы ҚТЖ-на үлкен ревизия керек"- депті.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні -Тимур Құлыбаевтың меншігіне өтпеген не қалды?