Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Мен үшін "Аманат" жағымпаз-жемқорлардың, арсыз карьеристердің партиясы. Жиіркенемін" - деді Мұхтар Тайжан

Мұхтар Тайжан мен оның жақтастары атқарған ортақ жұмыстың нәтижесінде билік жер проблемасына назар аударып екі комиссия құрды деп хабарлайды Рaryz.kz қоғам белсендісінің Faсebook парақшасына сілтеме жасап.

Мен үшін "Аманат" жағымпаз-жемқорлардың, арсыз карьеристердің партиясы. Жиіркенемін" - деді Мұхтар Тайжан
ашық дерек көздерінен

Р.Скляр басқаратын Үкімет тарапынан және "Аманат" партиясы жанынан жер мәселелеріне арналған комиссиялар құрылған. Бұл комиссиялардың халыққа пайдасы болса, құба-құп. Бірақ, өз басым күмәнмен қараймын. Өйткені, жерге қатысты дауға нүкте қойғысы келсе, салалық министрліктер, Жер комитеті, Парламент мәжілісі, жергілікті әкімшіліктердің барлығы биліктің уысында. Латифундистер "Аманаттың" өз мүшелері.

Парламент, мәслихат депутаттарының негізгі бөлігі "Аманаттың" мүшелері, соттар мен салықшылар, олардың бала-шағалары мен туған-туыстарының барлығы өзге емес, өздері. Сондықтан бұл комиссия көзбояушылықпен құрылды. Егер шын ниеттерің болса, айтайын, жұмысты Божкодан бастаңдар. Әрі Елордадан да алыс емес. Ал, комиссияға келер болсақ, Үкіметтік, немесе Парламенттік комиссияның құрамына шақырса, барамын. Ал, "Аманаттың" комиссиясына сенбеймін. Болталогиямен айналысуға уақытым жоқ. Мен үшін "Аманат" жағымпаз-жемқорлардың, арсыз карьеристердің партиясы. Бұл партияның халықтың алдындағы күнәсі -ұшан теңіздей. Жиіркенемін,"- деп жазған Мұхтар Тайжан Faсebook-тағы жеке парақшасында.