Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қызметтестер құпиясы: елде лауазымды "педиктер" мен "мәдениетті жезөкшелер" бар екен

Дөкей танысымыздың айтуынша, жоғары лауазымды қызметтегі еркекқұмар еркектердің қатын-баласы, тіпті, уыздай уылжыған ашыналары да бар. Сонда деймін-ау, ол байғұстар ішімдік, темекі, қатын-қалаш, есірткі бәрін көріп, енді көрмеген сол бір-ақ нәрсесі қалған ба?

Қызметтестер құпиясы: елде лауазымды "педиктер" мен "мәдениетті жезөкшелер" бар екен
фото: kommersant.ru

"Естіген құлақта жазық жоқ". Таяуда бір ұлттық компанияның өкілімен дәмдес болдық. Сол сәтте Мұхамеджан ақидың ас ішіп, аяқ босатып, кекіріп отырып бізөкше төпли туралы әңгімені жіберетіні сияқты, сөзден сөз туындап, қатынқұмарлық тақырыбына ойыса кеттік.

"Өй, қазір билікте қатынқұмар «натуралдарды» көрсең қуанасың. Көбі "задний привод", еркекқұмар болып кетті ғой", - деді әлгі ұлттық компаниядағы "ұлығымыз", тісін тілімен тазартып отырып. "Қо-о-ойш!.." - деп елең ете қалды, қасымдағы сөзұғар һәм сөзуар досым. "Рас", - деді анау еш эмоциясыз, сондайлардың арасында жүріп үйреніп қалғандай кейіппен. Жалпы, өзі жалған сөйлеуге жаны қас жігіт. Сондықтан ғой, досымның оның аузына кіріп кете жаздап отырғаны.

Дөкей танысымыздың айтуынша, жоғары лауазымды қызметтегі еркекқұмар еркектердің қатын-баласы, тіпті, уыздай уылжыған ашыналары да бар. Сонда деймін-ау, ол байғұстар ішімдік, темекі, қатын-қалаш, есірткі бәрін көріп, енді көрмеген сол бір-ақ нәрсесі қалған ба? Осы әңгіме иесінің "ондайлар бұрынғы да, қазіргі де шенеуніктердің арасында бар" дегені таңғалдырды бәрімізді. Көз алдымызда беті жылтырап, кастюм-шалбар киіп жүретіндердің кәдімгідей еркекқұмар болғаны ғой, ә? Әй, пәтшағарлар-ай!

Айта берсе, әңгімеден әңгіме туындай береді ғой, дастархан басындағыларды қызметтегі ер-азаматтардың еркекқұмарлығын айтып есеңгіретіп тастаған сабаз, енді керемет кеңселерде отыратын керім келіншектердің құпиясын да ашқандай болды. Оны өзінің қызметкер жеңгесі айтып беріпті, жағасын ұстап отырып. Қымбат жиһазды кабинетте қымбат киініп алып отыратын сылаңдаған сылқымдар баласын кімнен көтеріп қалғанын да білмейтін көрінеді. "Шынымен де сондай қызметкер әйелдер бар", - деп шегеледі сөзін, ұлттық компанияның өкілі. Айтуынша, ұлттық компаниялар болсын, басқа да үлкен мемлекеттік органдар болсын, ондағы әйелдердің дені бабасы белгісіз бала туады екен. Тұтас бір мемлекеттің келешегін ойлап, ұлттың тағдырын шешетін орында қызмет атқарып жүріп, баласының әкесін шатастырса, демек, ол қатындардың шетелдік еркектермен де әуейі болып жүруі мүмкін ғой?! Бірнеше еркекпен білгенін істей беретін болса, құрсағындағысы елге дұшпандық көзқарастағы бір қудың қаны болып шығар түбінде?!.

Сөйтіп, "көпті көрген" дөкей көмейіндегісін ақтарып салып отырғанда, осы тақырып "қуығын сыздатты" ма, білмеймін, аяқ босатып отырған жігіттер енді "бел босатып келейікке" көшті. Сонымен қалжыңымыз жараса отырып, қайдағы-жайдағыны еске алып кеттік те, қызметте бірін-бірі қошқарша неғыла беретін ерлерге де, ұрпағы қай ұрықтан құралғанын білмейтін әйелге де қайта айналып соққан жоқпыз. Бірақ, бұл да ұлт тағдырына бей-жай қарауға болмайтын бірден-бір маңызды тақырып екен.

Тұрсын ЖАМАНТАЙ