Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

"До того бізден жиіркенеді...": Бекболат Тілеуханның үй қызметшісі жалақысын ала алмай кетіпті

"Айына миллион теңге жалақы алып, елді дінге үгіттейтін, бірақ, кісі ақысын төлемейтін депутаттың исламдағы үкімі қандай?".

"До того бізден жиіркенеді...": Бекболат Тілеуханның үй қызметшісі жалақысын ала алмай кетіпті
фото: коллаж

Біз журналист Тоқтар Жақаштың "екі туып, бір қалғаны" емеспіз. Тіпті, онымен бетпе-бет көріскен де жоқпыз. Ал Facebook-тегі парақшасынан өзіміздің еркін ұстанымға шамаласатын жазбаларын алып, жариялап тұрсақ, ол – оның тегін сөйлемейтінін түсінгеніміз. Мәселен, сол Тоқтар Жақаш Бекболат Тілеуханның үй күтушісі болған шымкенттік келіншектің сөзін негізге алып, депутатқа қатысты бір мәселенің ұшын шығарып қойды.

"Суреттегі келіншектің аты – Тұрсынай. Депутат Бекболат Тілеуханның үйінде сіңлісі екеуі үй қызметін атқарыпты. Бірақ, бір айдан соң жылап-еңіреп жұмыстан шығып кетіпті. Келісілген ақысы төленбеген. Айына миллион теңге жалақы алып, елді дінге үгіттейтін, бірақ, кісі ақысын төлемейтін депутаттың исламдағы үкімі қандай? Бекең екі қызды "о дүниеде жағама жармасады-ау" деп қорықпағаны ма? Бұ дүниенің заңдары депуттарға арналмаған. Сонда о дүниенің заңы да бұларға жүрмей ме?! Келіншектің жазбасы комментте" деп жазды әріптесіміз.

Ал айтқан комменті мынау:

Жуырда ғана "байқамай" шамына тиіп кеткен Серік Боқан атты тілші баланы қарғап-сілеп, өз сөзімен айтқанда, оны "намазындағы күнде қарғап тұратын адамдарының тізіміне қосып қойып" сыбаған діндар депутаттың үйінде шынымен мына жағдай болған ба? Әзірге бір жазбаның төңірегінде пікір қалыптастыруға ертерек шығар, бірақ, "қарғыс арқалаған" тілші баланың ағасынан кешірім сұрау арқылы "алғыс арқалап" үлгергенін көргендіктен, бұл жайтқа да бей-жай қарамау керек сияқты.

"Аса қадірлі Бекболат-аға! Жаздым, жаңылдым! Мен байғұсты құдай ұрып қалды. Кешіре көрші, Бек-аға! Қиналған кезде бәріміз өзіңді пана тұтып, алдыңа баратын ек. Бетімізді қайтарған кезің аз. Сіздің арқаңызда қажыға бардым. Қаржылай көмек беріп бақтыңыздар", - деп "еңіреген" еді сонда анау бейбақ.

Олар үшін жамағаттан шығып қалу қаупі зор ма, әйтеуір, "бойына қарғыс дарып жатқан" байғұс: "Теріс батаңызды қайтып алыңыз, Аға!!! Ұйқым бұзылып, жаным қинала бастады. Қиянатымды кешіріп, іні қалпымда жаныңыздан аластамаңызшы!" деп жазды Facebook-тегі парақшасында.

Ал намазында қарғыс оқып, оған қосатын дұшпандарының тізімін жасап жүрген Бекең кешірімді-ақ екен, ол да дереу өзінің парақшасына: "Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ. Ініде ізет, ағада айбын болмаса, елден берекет қашпай ма? Серік бауырым кешірім сұрады. Мен наламды қайтарып алдым. Алла Алашты алауыздықтан, ағайынды араздықтан сақтасын! Әңгіменің нүктесі – осы!" - деп жаза қойды. Інісі Құдайдың кешірімін алғандай рахаттанып қалды, сірә. Содан бері үн-түнсіз жүр.

Енді күтуші келіншекке қарғыс дарыр ма екен, дарымас па екен?.. Егер ол да "наласы нарды жығатын" шенеуніктің "қара тізіміне" енген болса, әрине. Айтпақшы, жоғарыдағы комментарийлер Мұхамеджан Тазабектің Instagram-дағы парақшасында өзін-өзі қауесеттен ақтап алу мақсатында қарсыластарына қарсы жазған постының астында тұр.

Ердәулет СЕРІК

«Еркелік емес, ақымақтық»: журналист Мақпал Жүнісоваға шүйлікті «Еркелік емес, ақымақтық»: журналист Мақпал Жүнісоваға шүйлікті Совет эксперта: Казахстан должен переориентироваться на клиента для устойчивого роста Совет эксперта: Казахстан должен переориентироваться на клиента для устойчивого роста «Перуашовтың үстінен қылмыстық іс қозғау керек»: Айгүл Орынбек «Ақжол» партиясының мүшелеріне үндеу жасады «Перуашовтың үстінен қылмыстық іс қозғау керек»: Айгүл Орынбек «Ақжол» партиясының мүшелеріне үндеу жасады Как работает экстрадиция между соседями на практике и кого выдают друг другу Казахстан и Россия Как работает экстрадиция между соседями на практике и кого выдают друг другу Казахстан и Россия «Устал концы с концами сводить». Истории казахстанцев, уехавших на заработки в Россию «Устал концы с концами сводить». Истории казахстанцев, уехавших на заработки в Россию Вице-адмирал высказался о «политике» минобороны во время «Кантара» Вице-адмирал высказался о «политике» минобороны во время «Кантара» «Кінәсіз екенімді дәлелдеймін, не болмаса мен өлемін»: Вице-адмирал Жанұзақов сотталғанда қандай күйде болғанын айтты «Кінәсіз екенімді дәлелдеймін, не болмаса мен өлемін»: Вице-адмирал Жанұзақов сотталғанда қандай күйде болғанын айтты «Не все так гладко». Насколько умело Казахстан смог перестроить экономику с начала войны в Украине? «Не все так гладко». Насколько умело Казахстан смог перестроить экономику с начала войны в Украине? Как магазины низких цен вытесняют с рынка карагандинских производителей – и при чем здесь Россия? Как магазины низких цен вытесняют с рынка карагандинских производителей – и при чем здесь Россия?