Экономика
«Халық қатысатын бюджет»: Алматыда бұл жоба қалай жұмыс істеп жатыр?
«Алматы қаласының Халық қатысатын бюджет» пилоттық жобасы енгізілгеніне биыл 4 жылдан асты. Тек осы жылдың өзінде халық тарапынан 5 449 ұсыныс түскен. 2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыруға бастапқыда 8,5 млрд теңге қарастырылған болатын. Кейіннен қосымша 7 млрд теңге бөлінді. Осы жылы 20 қыркүйекте аталған жоба бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды. Қаланың тыныс-тіршілігіне бей-жай қарамайтын тұрғындардан 5 449 ұсыныс түсті. Атап айтқанда: Алмалы - 1 083, Алатау - 1020, Әуезов - 869, Жетісу – 844, Наурызбай – 658, Медеу – 364, Түрксіб - 344 аудандарының тұрғындары белсенділік танытты, – деп хабарлайды Paryz.kz.