Доллар арзандады

АҚШ валютасы екі күн қатарынан құнсызданып келеді.

Доллар арзандады
Фото: afk.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар теңгеге қарағанда арзандады.

Таңертеңгі сауда бойынша, Қазақстан қор биржасында доллар 1,25 теңгеге арзандап, 429,41 болды.

ҚР Ұлттық банкінің ресми бағамы бойынша, 6 қазанда 1 доллар 430,8 теңге тұрады.

Айта кету керек, АҚШ валютасы Қазақстан қор биржасында екі күн қатарынан құнсызданып келеді.