Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның бағасы белгілі болды

Клиникалық сынақтан өткенге дейін коронавирус вакцинасының бағасы қанша болатыны нақты белгілі емес. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. 

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның бағасы белгілі болды
Фото: http://mygalim.kz/

«Біз қазақстандық вакцинадан да үміт күтеміз. Қазақстандық вакциналар клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өткен. Енді клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Оны сынап көргісі келетін еріктілер де жиналып қойды. Сынақтың 1, 2-сатысы қараша, желтоқсан айына қарай аяқталып, нәтижесін көреміз. Сол кезде ол вакцинаның қаншалықты тиімді, қауіпсіз екенін білеміз», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Оның айтуынша, Қазақстанда вакцина өндіретін зауыт салынып жатыр. «Ол зауыттың қазақстандықтардың қажеттіліктерін өтеуге күші жетеді. Өз вакцинамыз сынақтың барлық сатысынан өткен жағдайда осы зауыттан шығарылатын болады. Клиникалық сынақтан өткенге дейін вакцинаның бағасы қанша болатыны нақты белгілі емес, бірақ 2-3 доллар көлемінде болады деп ойлаймыз», - дейді ол.