Жаңа жолдар мен көпірлер тіршілігі қайнаған көшелердің жүгін азайтып, жақын маңдағы аудандар мен жалпы қала тұрғындарына қолай тудыратыны сөзсіз. Аралау кезінде Nova City маңындағы №27 көшені № 39 көшемен (Тәуелсіздік) жалғайтын көше құрылысымен таныстым, - деді қала басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, жоғарыда аталған көшенің өзі ғана келесідей жүйелі мәселелерді шешеді:
Жолды әуежай бағытына жалғап, Тельман тұрғын алабымен қосады. Осы алап тұрғындарының қалаға қатынайтын жолы мейлінше қысқарады; Мәңгілік Ел мен Ұлы Дала даңғылдарының жүгін азайтады; осы жаңа көшеден Есіл өзені мен Нұра-Есіл каналы үстінен екі көпір болады. Олар өзеннің қос жағалауын байланыстырады; биыл барлығы 150 көшені жөндеуден өткіземіз және жаңадан саламыз, - деді Алтай Көлгінов.