Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Ауыл шаруашылығы субсидияларын бөлуде шикілік анықталды

Егер ол белгіленген мерзімде орындалмаса, Агенттік тағы бір тергеуді бастайды.

Ауыл шаруашылығы субсидияларын бөлуде шикілік анықталды
фото: inform.kz

Ауыл шаруашылығы субсидияларын бөлудегі шикілік анықталып, құзырлы министрлікке қатысты тергеу басталды деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Мәселені еліміздегі құс фабрикалары көтерген еді. Яғни, тауық жұмыртқасын өндірушілерді қолдауда монополияға қарсы заңнама өрескел бұзылып келген.

Енді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі арнайы тексерісті бастады және нәтижесі бойынша тиісті баға берілетінін алға тартты.

Бұдан бөлек, агенттік Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендiру ережелеріне де талдау жүргізді. Өйткені бұл талаптар жеткiзушiлердiң мемлекеттік сатып алуларға қатысуын шектейдi. Анықталған фактілер негізінде ведомствоға ескерту жасалды. Егер ол белгіленген мерзімде орындалмаса, Агенттік тағы бір тергеуді бастайды.