Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстанда биыл 18,2 млн тонна астық жиналды

Қазір астықтың 93,4% жиналды. Әр гектардан орташа түсім 12,3 центнерден болды.

Қазақстанда биыл 18,2 млн тонна астық жиналды
yandex.kz

Биыл егін жинау науқаны ерте аяқталады. 18,2 млн тонна астық бастырылса, оның 8 млн тоннаға жуығы экспортқа шығарылады. Қалғаны елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, биылғы астық сапасы жаман емес. Астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған бидайдың 84%-ке жуығы 1-3 санатқа жатады. Былтыр бұл көрсеткіш 70%-ке де жетпеген еді. Оның себебі: биыл тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 49%-ке артып, шаруалар сапалы тұқым алған.

Елімізде астық сақтайтын орындардың жалпы сыйымдылығы 28,8 млн тоннаны құрайды. Енді жергілікті әкімдер элеваторлардың астықты уақытында қабылдауына бақылау жүргізіп, алтын дәннің ысырап болмауын қадағалауы тиіс.

Үкімет басшысы бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеу саласын дамытып, экспорттың әлеуеттін арттыру бойынша жол картасын әзірлуді тапсырды.