Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Әкімдер сайлауын өткізуге 17,6 млрд теңге қажет

Бұл туралы Мәжілісте сайлау туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді таныстыру кезінде Ұлттық экономика вице-министрі орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді.
 

Әкімдер сайлауын өткізуге 17,6 млрд теңге қажет
Фото: ашық дереккөз

Аудандық маңыздағы қалалардың, ауылдар мен кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауын өткізуге алдағы 2 жылда, яғни 2021-2022 жылдары Орталық сайлау комиссиясы арқылы қаржыландырылады.

Бұл туралы Мәжілісте сайлау туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді таныстыру кезінде Ұлттық экономика вице-министрі орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді.

Ал 2023 жылдан бастап бұл шығындар жергілікті бюджет шығындарының тізбесін қосылып, жалпы сипаттаға трансферттердің қатарына енгізіледі.

"Әкімдерді тікелей сайлауды қаржыландыру жергілікті бюджет арқылы жүзеге асады. Алайда Бюджет кодексінің жалпы сипаттағы трансферттердің қолданылу кезеңінде жергілікті бюджеттің шығындарын міндетті өтеу туралы нормаларын ескере отырып, таяудағы екі жылда сайлау ОСК арқылы қаржыландырылады. 2023 жылдан бастап бұл шығындар жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына енгізіледі және жалпы сипаттағы трансферттерде есептеу кезінде ескеріледі.
Бұл шамамен 17,6 миллиард теңге, оның 4,8 миллиарды биыл 800-ден аса әкімге сайлау өткізуге жұмсалады", - деп түсіндірді Әлішер Әбдіқадыров.