Солтүстік Қазақстан облысындағы жеті ауданда құс тұмауынан қырылған үй жануарлары үшін өтемақы төленеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беру кезінде хабарлады.
"ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды құс тумауынан өлген үй құстарының иелеріне келтірілген шығын құнын орташа айлық нарықтық баға негізінде төлейді. Бағаны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы арнайы комиссия анықтайды", - дейді вице-министр.
Өтемақы алу үшін үй жанауарлары иелері өтініш беруі керек. Ақшалай қаражат картаға аударылады. Осы орайда зардап шеккен жануарлардың өлекселеріне комиссиялық акті жасалып, ресми түрде тіркелуі қажет.
"Өлген құстың әр иесі заңмен белгіленген өтемақыны алуы үшін біз бірінші күннен бастап құстардың өлімін және өлекселерді жою актілерін тіркей бастадық", - деп толықтырды Гүлмира Исаева.