Елімізде ең арзан ұн, сүзбе, май және сәбіз Павлодарда тіркелген

Елімізде ең арзан ұн, сүзбе, май және сәбіз Павлодарда тіркелген. 2020 жылғы тамыздағы статистикаға сәйкес, республиканың 18 қаласының арасында Павлодар қаласында азық-түлік тауарларының Үкімет айқындаған 19 позициясы бойынша бағалар орташа республикалық мәндерден төмен, деп хабарлайды BAQ.

Елімізде ең арзан ұн, сүзбе, май және сәбіз Павлодарда тіркелген
Baq.kz

Бұл туралы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің инспекторы Нұржан Әбішев айтты.

Бұл ретте Павлодар қаласында 4 позиция бойынша – бірінші сұрыпты ұн, сүзбе 5-9%, тұздалмаған сары май, сәбіз  неғұрлым төмен бағаны көрсетті. Жалпы, қыркүйек айының басынан бастап пияздың (90-нан 85 теңгеге дейін, кг), сәбіздің (95-тен 90 теңгеге дейін, кг), қырыққабаттың (85-тен 75 теңгеге дейін, кг), картоптың (85-тен 75 теңгеге дейін, кг) бағаларының төмендегені байқалады. Сондай-ақ, апта сайын Ак. Сәтбаев көшесі, 253/1 мекенжайы бойынша орналасақан «Нұрай» әлеуметтік дүкенінде әлеуметтік маңызы бар өнімдерді (ет, сүт, көкөніс, өнім, бакалея және т.б.) тікелей өндірушілердің бағалары бойынша сатылады, - дейді Нұржан Әбішев.

Бұдан басқа, «Павлодар «ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорынан қаланың әлеуметтік дүкендері мен сауда нүктелеріне арзандатылған тауар жеткізу жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорынан әлеуметтік дүкендерде баға төмендегідей:

Күріш бағасы - 245 теңге/кг

Қарақұмық бағасы - 300 теңге/кг

Қант бағасы - 200 теңге/кг

«Заречное» өсімдік майы - 400 теңге / л

Макарон өнімдері - 180 теңге / кг

Тұз бағасы - 45 теңге/кг

Тауық еті - 880 теңге/кг.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру үшін Павлодар қаласының тұтыну нарығында 36 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Оның ішінде төртеуі ауылдық округтерде: Ленин кентінде - 1, Кенжекөлде -  2 және Жетекші ауылында - 1. Сондай-ақ, «Инмарт» (13), «Small» (7 дүкен), «Гринвич» (9 дүкен), «Лидер» (5 дүкен) төмен бағадағы желілік дүкендерде  34 әлеуметтік бұрыштар ұйымдастырылды.